Құрметті әріптестер,
«Central Asian Economic Review» (БССҚК тізіміне кіреді) ғылыми журналының кезекті саны жарық көрді. Сіздерді экономика, қаржы және мемлекеттік басқару саласындағы еліміздің жетекші сарапшыларының зерттеу материалдарымен танысуға шақырамыз.
Журнал барлығына ашық, мақалаларды қабылдау және рецензиялау жыл бойы жүргізіледі. Ғылыми зерттеулеріңіздің нәтижелерін жариялағыңыз келсе, мақалаңызды журналдың https://caer.narxoz.kz сайтындағы мақалаларды жіберу жүйесі арқылы редакцияға жіберсеңіз болады.
Ғылыми журналға рецензент болғыңыз келсе, caer@narxoz.kz электрондық поштасына жазыңыз, біз сізге міндетті түрде хабарласамыз.
Журналдың соңғы санына сілтеме: https://caer.narxoz.kz/jour/issue/current