Жаңалықтар (Новая страница)

Студенты-амбассадорлар тұрақты даму мәдениетін нығайтуға көмектеседі

Қазақстанның тұрақты дамуының ғылыми-зерттеу институты – Narxoz Student ambassadors жаңа жұмыс бағытын бастады. Енді БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жоғары деңгейдегі көшбасшылардың кездесулері ғана емес, студенттердің бастамашыл тобы да өз үлесін қосады.
Институттың миссиясы – тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де тұрақты дамудың ең өзекті мәселелерінің шешімдерін әзірлеуге бағытталған зерттеулерді ілгерілету.
Институттың тұрақты дамуға қол жеткізуге деген көзқарасы – өркендеу әлеуметтік және экологиялық әл-ауқатпен өлшенетін әлем.
Жақын арада SKRI серіктестікті нығайтуға, Қазақстанда да, бүкіл әлемде де әл-ауқатқа қол жеткізуге ықпал ететін жоғары сапалы зерттеулер жүргізуге ниетті.
Амбассадорлардың негізгі қызметі – олар өкілдік ететін орталықтың қызметі туралы ақпаратты тарату. Студент-амбассадор екі бағытта жұмыс істейді: зерттеулерді дамытуға септігін тигізу ғана емес, сонымен қатар Нархоз Университетінде және Қазақстанда тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру.
«Мұндай бағытты құру идеясы тұрақты дамуды ынталандыру және оқу процесін бейімдеу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға байланысты пайда болды. Біз әрбір адамға тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу процесіне елеулі үлес қосуға көмектесетін білім, дағдылар мен құндылықтарды алу мүмкіндігін беруді мақсат етеміз. Біздің амбассадорлардан құралған жаңа команда мүшелері студенттерді ғана емес, сонымен бірге қоғамның басқа да өкілдерін ынталандыруға көмектесетініне сенімдімін», - дейді SKRI директоры Брендан Дюпре.
Алдағы күнтізбеде амбассадорлар кампус ішінде де, одан тыс жерде де ақпараттандыру шараларының сериясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы бастамаға қатысқыңыз келсе sustainable.solutions@narxoz.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.

SKRI