2019 жылдың 18 қарашасынан 25 қарашасына дейін Нархоз университетінің командасы: ректордың ішкі коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Виктория Цай, Халықаралық даму басқармасының бастығы Жайлагүл Сағындықова, Нархоз бизнес мектебінің аккредиттеу және сапа жөніндегі директоры Анна Нагорнова, Айбар Шарипов, Қоғам, Технология және Экология Мектебі бағдарламасының эйдвайзері және базалық даярлық факультетінің оқытушысы Павел Нартов Нидерланды, Amsterdam University of Applied Sciences (AUAS) серіктес-университетіндегі «Mission Sustainable» атты халықаралық апталыққа қатысты. 5 күн бойы Нархоз өкілдері түрлі тақырыптарда дәріс оқыды: Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту, мемлекет пен Алматы қаласындағы тұрақты дамдың келешегі, Қазақстандағы бизнес-коммуникацияларды жүргізудің мәдени ерекшеліктері, Орта Азияға бағытталған инвестициялар. Орта Азиядағы кәсіпкерлік қызметпен байланысты бизнес кейстер ұсынылды. AUAS студенттері қазақ халқының мәдениетімен, қазақ әдебінің ерекшеліктерімен танысып, Нидерланды мәдениетіндегі отбасы мен қарым-қатынас құндылықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, AUAS оқытушылары Қазақстандағы және Еуропалық Одақ елдеріндегі жоғары білімнің болашағы туралы пікірталастарға қатысты. AUAS оқытушылары мен басшылық өкілдері Нархоз университетімен серіктестікті кеңейтуге қызығушылық танытты. Нархоз университеті AUAS-пен 2017 жылдан бастап бірге қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде академиялық мобилділік аясында 5 студент семестрлік оқудан өтті. 2018 жылы Халықаралық апталыққа бес оқытушы қатысты және AUAS-тан 2 оқытушы Нархозға қонақ дәрістерімен келді. Ынтымақтастыққа Еуропалық студенттер мен оқытушылардың кредиттік мобилділігі Эразмус+ бағдарламасы қолдау білдіреді. Серіктестік 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде «Бизнес коммуникациялардағы мәдениетаралық ерекшеліктер» тақырыбы бойынша Нархоз университетінің студенттерімен AUAS студенттерінің Эразмус+ бағдарламалары мен онлайн жобасы аясында дамитын болады. Онлайн жобаға өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 10 қаңтарында басталады. Іріктеудің басты критерийлері: ағылшын тілін білу (В2 деңгейі), толық үш айлық курстан өту (ақпан-сәуір 2020). Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер AUAS студенттерімен танысады, бір жобаны бірлесіп жүзеге асырады және AUAS пен Нархоз университетінен сертификатқа ие болады. Студенттер саны -12 адам. global@narxoz.kz
Urban Forum
World Urban Forum 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен қазір әлемдегі ең өткір мәселелердің бірі: қарқынды урбанизация және оның қауымдастықтарға, қалаларға, экономикаға, климаттың өзгеруіне және саясатқа әсерін шешу үшін құрылды. Форум бүкіл әлем бойынша осы мәселемен айналысатын жетекші зерттеушілер, саясаткерлер және үкіметтік емес ұйымдар қатысатын жаһандық іс-шара болып табылады. Форум 2020 жылы Абу-Дабиде, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті. Оған әлемнің 164 елінен 24 000-нан астам адам қатысты.
Орталық Азиядағы жетекші зерттеу институттарының бірі ретінде Нархоз университеті урбандалумен байланысты жаһандық сын-қатерлерге арналған бірнеше қатарлас іс-шаралардың бірін басқару үшін таңдалды. Тұрақты Қазақстан зерттеу институты (SKRI) серіктесі Қоғам, технологиялар және экология мектебімен, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен, Біріккен ұлттар ұйымының елді мекендер жөніндегі бағдарламасымен және Хельсинки университетімен бірлесе отырып, «Экономикасы дамып келе жатқан елдердегі ауа сапасы мәселесін шешу және инновациялық технологиялық әлеует» атты қатарлас іс-шара өткізді. Сарапшылар тобы қатарлас іс-шарада Алматы келешегін қоса алғанда, Азия мен Африкада қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикасы бар жекелеген елдердегі ауа сапасының мәселелерін ұсынды. Хельсинки университеті ауаның ірі масштабты және шағын масштабты ластануын анықтау/өлшеу және оны Алматы сияқты қалаларда саясатты жасауға пайдалану үшін өзінің озық технологияларын ұсынды. Іс-шарада ЮНЕП әлемдік қалаларда ауаның ластануы туралы жаһандық деректерді жинау бойынша жаһандық серіктестіктің міндеттерін жариялады.
Нархоз университетінен Тұрақты Қазақстан зерттеу институтының (SKRI) директоры Брендан Дюпрей және «Экология» білім беру бағдарламасының доценті Альмира Даулбаева қатысты.
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ 2030