English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

Еуразиялық экономика- құқық зерттеу орталығы

Құқықтық және экономикалық саясат шараларын әзірлеу және іске асыру үшін сараптамалық-аналитикалық алаң болып табылатын Орталық Азиядағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы болу.

Мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық және халықаралық мүдделі тараптармен серіктестікте жаһандық сын-қатерлер мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, құқықтық саясат және құқық қолдану саласындағы ғылыми-зерттеу, сараптамалық-аналитикалық және консалтингтік қызметті жүзеге асыру.

Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасының ғылым, экономика және құқық саласындағы басқа мемлекеттермен байланысын тереңдету қажеттілігімен байланысты; Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуетін нығайту; ҚР-сы белсенді қатысушы болып табылатын мемлекетаралық бірлестіктер шеңберіндегі әртүрлі экономикалық және құқықтық мәселелерді шешу; халықаралық деңгейде ғалымдармен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми жобаларды жүргізу қажеттілігімен байланысты.