Нархоз университетінде оқу басталар алдында оқуға түсуге құжат тапсырған әрбір талапкер ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін Placement test өтуге міндетті.
Бұл сізді міндетті "Ағылшын тілі" пәніне деңгейіңіз бойынша топтарға бөлу үшін қажет.
Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
1. CEPT тесті (Cambridge English Placement Test) (адаптивті онлайн-тест)
2. Ауызша сұхбат (face to face)
Өтетін уақыты: 2022 жылдың 1 тамызынан 31 тамызына дейін.
Формат: офлайн
Тест өткізу орны: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, Нархоз университеті
Тестке тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіп, форманы толтыру қажет