Директордың парақшасы

Нархоз университетінің цифрлық технологиялар жоғары мектебінің директоры
Сулиев Расим Ниязович
Сулиев Расим Ниязович - PhD, қауымдастырылған профессор, Қазақ-Түрік лицейі (қазіргі Білім Инновация Лицейі) мен Сүлеймен Демирель атындағы университеттің түлегі, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Нархоз Университетінің цифрлық технологиялар жоғары мектебінің директоры болып табылады.

Нархоз университетіне келгенге дейін Расим ҚБТУ-дағы Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарды. PhD дәрежесін есептеу жүйелері және бағдарламалық қамтамасыз ету бағыты бойынша алды. Информатика, компьютерлік инженерия және электрониканы оқытуда 15 жылдық тәжірибесі бар. Танымал ғылыми журналдардағы 20-дан астам жарияланымның авторы.

Цифрлық технологиялар жоғары мектебінің директоры лауазымында Расим цифрлық инженерлерді, цифрлық менеджерлер мен медиа-дизайнерлерді, кибер және крипто қауіпсіздігі жөніндегі мамандарды және смарт-жүйелерді әзірлеушілерді даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын дамытумен айналысады.

Сұрақтарыңыз болса

Электронная почта
Аты-жөні
Сұрақ