РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІНІҢ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ
ТОБЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Оқу-әдістемелік бірлестік (бұдан әрі – ОӘБ) ҚР Білім және ғылым министрінің «Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 және «2018 жылғы 12 қазандағы №562 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 11 ақпандағы № 52 бұйрықтары негізінде қызмет етеді.
«Нархоз Университеті» КеАҚ базасындағы РОӘК ЖБТ ОӘБ Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі консультативтік-кеңесші жұмыс органы болып табылады.

ОӘБ қызметі ҚР БжҒМ жанындағы Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу-әдістемелік кеңесімен басқарылады.

ОӘБ құрамына сәйкесінше бағытта кадр дайындығын жүзеге асырушы ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер қауымдастығының халықаралық үкіметаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді.
- Қаржы, банк және сақтандыру ісі

- Маркетинг және жарнама

- Еңбек дағдылары

- Экономика

- Бағалау

ОӘБ қызметі бойынша сұрақтарды umo_rums@narxoz.kz поштасына бағыттасыңыздар болады
«Нархоз Университеті» КеАҚ базасында РОӘК ЖБТ ОӘБ тарапынан келесі бағыттардағы жұмыстар жүргізіледі:
041 Бизнес және Басқару:
  • Төрағасы
    Мирас Дауленов

    Президент BA, MSc. PH.D.
    president@narxoz.kz
    +7 (727) 346 64 64
  • Төрағаның орынбасары
    Самажан Ынтыкбаевич Умирзаков

    Академиялық қызмет жөніндегі проректор

    Экономика ғылымдарының докторы, профессор