Шетел азаматтарын жатақханаға орналастыру тәртібі
- Оқуға түсуге өтініш беру (оқуға түсу туралы толық ақпарат)
- Қандай бөлмеде тұрғыңыз келетінін таңдап (2,3,4 адамдық бөлмелер), Қабылдау комиссиясының менеджеріне хабарлау.
- 10 айға тұруға арналған депозитті төлеу (жатақханада тұрудан бас тартқан жағдайда, қалған айлардың сомасы студентке қайтарылады)
- Орналасу ордерін алу (оны университетке келген кезде электронды пошта арқылы алу және оның шығарылған нұсқасы)
- Жатақханаға орналасқан күні қан тапсыру медпунктіне барып, ВИЧ/ СПИД-ке тексерілу, жатақханаға орналасуға медициналық анықтама алу
- Университет студенттің орналасу ордері негізінде оны тұрып жатқан мекен-жайына тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
Ескерту:
- шетелдік студенттер Қазақстан Республикасы аумағында жасалынған 075-У анықтама қағазы мен флюорография суретін әкелуге міндетті.
- визасыз режімдегі елдерден өз бетімен келген және оқу мақсатында Қазақстанда қалу жоспары бар шетелдік азаматтар университет жатақханасында тұрғылары келген жағдайда жатақханада тіркелулері қажет. (Мысалы, сіз оқу басталғанға дейін ертерек келіп, туысқандарыңыздың үйінде қонақ боп жүре тұра жатақханада тұруды ойласаңыз, өз туысқаныңыздың үйінде емес, университет жатақханасына тіркелуді алдын-ала ойластырғаныңыз жөн).