Сапалы және қолжетімді білім беру Нархоз Университетінің 2030 Даму Стратегиясының №1 басымдылығы болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін Университет қызметінің академиялық және академиялық емес салаларын қамтитын сапаны басқарудың ішкі жүйесі әзірленді. Оқытудың барлық деңгейлеріндегі (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді.
Университетте сапаны тиімді қамтамасыз ету үшін саясат пен механизмдер әзірленген. Университеттің ұйымдық құрылымында Академиялық кеңестің жанында Академиялық сапа жөніндегі Комитет бар, әрбір мектепте Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Президент жанында Академиялық сапа жөніндегі кеңесші бар.
Университет сондай-ақ сапаның сыртқы сараптамасына жүгінеді, осы мақсатта ұлттық және шетелдік агенттіктерде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтеді және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) жүргізетін Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы рейтингісіне қатысады.
Университет қауымдастығы (студенттер, оқытушылар және әкімшілік қызметкерлер), сонымен қатар түлектер, жұмыс берушілер, корпоративті серіктестер де осы үрдіске қатысады.