Конференцияға қатысуға өз зерттеулерінің тұжырымдамасымен, аралық немесе қорытынды нәтижелерімен бөліскісі келетін ғылыми әдістерге сүйенетін ғалымдар, докторанттар және практиктер шақырылады. Ііріктеу барысында әртүрлі салаларда шешім қабылдауға әсер ете алатын қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстарға артықшылықтар беріледі. Біз барлық деңгейлерде және қызметтің барлық салаларында шешім қабылдауда деректер мен ғылыми тәсілді пайдаланудың маңыздылығына сенеміз. Мемлекеттік саясат, жеке сектор стратегиялары, оқу орындарының саясаты және қарапайым адамның күнделікті шешімдері фактілер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін жүйелі түрде зерттеуге негізделсе тиімдірек болады.