Нархоз Университеті, Алматы, Қазақстан
Рысқұлов оқулары - 2022
Конференцияға қатысуға өз зерттеулерінің тұжырымдамасымен, аралық немесе қорытынды нәтижелерімен бөліскісі келетін ғылыми әдістерге сүйенетін ғалымдар, докторанттар және практиктер шақырылады. Ііріктеу барысында әртүрлі салаларда шешім қабылдауға әсер ете алатын қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстарға артықшылықтар беріледі. Біз барлық деңгейлерде және қызметтің барлық салаларында шешім қабылдауда деректер мен ғылыми тәсілді пайдаланудың маңыздылығына сенеміз. Мемлекеттік саясат, жеке сектор стратегиялары, оқу орындарының саясаты және қарапайым адамның күнделікті шешімдері фактілер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін жүйелі түрде зерттеуге негізделсе тиімдірек болады.
Қолданбалы зерттеулердің шешім қабылдауға әсері
Конференцияның негізігі бағыттары
ТДМ аясындағы әлеуметтік-экономикалық даму
Креативті экономика
және кәсіпкерлік
Гендерлік экономика
және мәдени зерттеулер
Цифрландыру және деректерге негізделген басқару
Білім және ғылым
саласындағы зерттеулер
Құқық және мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулер
  • Қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады.
  • Қатысуға өтінімдер электронды түрде ұсынылады.
  • Конференцияға қатысу үшін жоспарланған зерттеудің немесе аяқталған ғылыми жұмыстың кеңейтілген аңдатпасын ұсыну қажет.
Қатысу үшін не қажет ?

Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялыларының жарқын өкілі, ол Орта Азия республикаларының, оның ішінде қазіргі Қазақстан аумағының экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Оның күш-жігерінің арқасында Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы, Қарағандының көмір өндіруші және металлургиялық кешендері, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның түсті металлургиясы, сондай-ақ Батыс Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі сияқты ірі жобалар бастамашылық етіліп, іске асырылды.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нархоз Университеті (сол кезде - Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) Тұрар Рысқұловтың есімімен аталды. 2016 жылы бірқатар қайта құрулар мен ребрендингтен кейін Университет өзінің заманауи атауына ие болды, бірақ бас ғимараттағы ескерткіш пен жыл сайынғы ғылыми конференциялар көрнекті қазақ қайраткері Тұрар Рысқұловтың туған жерінің экономикалық дамуына қосқан үлесін еске салып, мойындау болып қала береді.
Нархоз Университеті жыл сайын атақты қоғам қайраткері, дипломат-Тұрар Рысқұловты еске алуға арналған "Рысқұлов оқулары" ғылыми - практикалық конференцияларын өткізеді.
Тұрар Рысқұлов
туралы
Барлық сұрақтар бойынша:
research@narxoz.kz