Заң клиникасы

Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің Заң клиникасы парақшасына қош келдіңіздер. Біздің клиника - әлеуметтік жоба. Ол заңтану саласындағы студенттердің практикалық кәсіби дағдыларын нығайтумен бірге заң көмегін қажет ететін тұлғаларға заңгерлік кеңес берумен ұштасатын оқыту нысаны болып табылады. 3-4 курс "Құқықтану" мамандығының студенттері сізге құқықтық мәселелерді шешуде ақысыз көмек көрсетуге дайын.
Заң клиникасының жұмысына қатыса отырып, студенттер кеңес беру тәжірибесіне ие болады, ал оларды басқаруды жүзеге асыратын оқытушылар теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, сондай — ақ алғашқы дереккөздерден (кеңес алуға жүгінген адамдардан) азаматтардың күнделікті өмірінде туындайтын құқықтық проблемалар туралы, қолданыстағы заңнаманың кемшіліктері мен құқық қолдану практикасындағы бар қиындықтар туралы өзекті ақпарат ала отырып, өздерінің кәсіби деңгейін жетілдіруге қосымша мүмкіндік алады.

Онлайн кеңес беру

Үлгі

Онлайн кеңес беру кестесі:


ДС. 12.00-ден 14.00-ге дейін (мемлекеттік тілде)

Ср. 12.00-ден 14.00 - ге дейін (орыс. тілінде)

ЖМ. 12.00-ден 14.00-ге дейін (орыс. тілінде)

Жүгіну нысаны

Күн
Уақыт
Документ