Міндеттемелер

ҚАЗАҚСТАН, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУ
Барлық зерттеулер мен жобалық іс-шаралар Тұрақты Даму-2030 Мақсаттарына сүйеніп отырғанына көз жеткізу
ЖЕТІ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ САЛАҒА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА; КӨШУІНЕ АЙРЫҚША КӨҢІЛ АУДАРУ ЖОЛЫМЕН 2050 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
2050 Стратегиясын жүзеге асыруға, сол сияқты Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуіне мүмкіндік туғызатын жобалар мен зерттеулер жүргізу
ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДА ЭКСПЕРТТІК БІЛІМ БЕРУ, КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ ҰСЫНУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕН ЖЕКЕ МЕНШІК СЕКТОРЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тренингтер мен кеңес берулер өткізу және мемлекеттік пен жеке меншік секторларға әр-түрлі қызмет көрсету
МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ НАҚТЫ ШЕШІМДЕРІН ІЗДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРА ОТЫРЫП, ӘРІ СЕРІКТЕСТІК ПЕН ЗЕРТТЕУШІЛІК БАСТАМАЛАР АРҚЫЛЫ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ, ҚАЗАҚСТАН МЕН БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жергілікті, ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде берік серіктестік байланыстарды жолға қою
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ШЕТ ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЖЕТЕКШІ ИНСТИТУТЫ АТАНУ
Сапалы зерттеулер жүргізу және Нархоз университетін Орталық Азиядағы басқа да академиялық, азаматтық және мемлекеттік мекемелермен біріктіре отырып, тұрақты даму саласындағы білім орталығы атану
ҚЫЗМЕТТІҢ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ БАҒЫТТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ҮШІН БІЛІМ БЕРУ СФЕРАСЫНДАҒЫ ЮНЕСКО ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУ
Біз әрбір адамның оның мүмкіндіктерін кеңейтетін білім, дағдылар, құндылықтар мен нұсқаулар иеленуін қамтамасыз ету мақсатында білім мен оқытуды қайта бағыттауға ұмтыламыз, әрі олар тұрақты дамуға қол жеткізу үдерісіне елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді