Осы атаулы даталарға орай «Narxoz University» КЕАҚ Алматы қаласының 3-4 курс студенттерін тақырып бойынша байқауға қатысуға шақырады:
“Қазақстан Республикасында тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыру: қиындықтар мен мүмкіндіктер”. Әр команда (құрамында бакалавриат бағдарламасының кем дегенде 2 студенті) Қазақстандағы БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсаттарының бірін ілгерілету стратегиясын жазып, қорғай алады.
Конкурс аясында студенттер келесі кезеңдерден өтуі керек:
1) 17 сәуір сағат 18:00-ге дейін командаларды тіркеу және кездейсоқ бөлу арқылы әр командаға тұрақты даму мақсаттарын беру;
2) Қосымшада №1 көрсетілген дереккөздерді пайдалана отырып, бірақ олармен шектелмей негізгі ақпаратпен танысу.
Жүлделі орындарға ие болған студенттер Нархоз Университетінен бағалы сыйлықтарға ие болады. Барлық студенттерге қатысу сертификаттары беріледі.
Қатысу форматы:
⦁ Стратегияны әзірлеу және қорғау: әрбір команда Қазақстанның тұрақты дамуының берілген мақсатын алға жылжыту стратегиясын әзірлеуі және оны онлайн презентация форматында конкурстық комиссияның алдында қорғауы қажет;
⦁ Промо-бейне дайындау: әрбір команда ТДМ туралы айтатын 1-2 минуттан аспайтын қысқаша промо-бейне жасауы керек.
⦁ Промо-бейне аудио трекпен және команданың ТДМ туралы инфографикасымен бірге болуы керек.
⦁ Команданың әрбір мүшесі осы бейнені өзінің жеке Instagram аккаунтына жүктеп, @narxozkz, @narxoz_admission, @sste.narxoz парақшаларын белгілеп, пост сипаттамасына келесі хэштегтерді қосуы керек: #Нархоз_ЦУР, #Narxoz_SDGs, #UN_Almaty #UN_SDG, #sste.narxoz #Нархоз_магистратура, #narxoz_admission.
Маңызды: студенттерге далаға шығып, тікелей түсірілім жүргізудің қажеті жоқ. Барлық бейнелер онлайн жасалуы керек.
Қатысу шарттары: 2020 жылдың 30 сәуірі, 23:59-ға дейін толық мәтінді, стратегияның презентациясын, сондай-ақ Instagram желісіндегі бейнежазбалар мен посттардың скриншоттарын aibar.sharipov@narxoz.kz электронды поштасына конкурсқа қатысушыларға ыңғайлы тілде (қазақ/орыс/ағылшын) «ЦУР_Конкурс» деген белгімен жіберу қажет.