Ғылыми кеңесте Тұрақты даму стратегиясы таныстырылды
2020 жылдың 25 ақпанында Нархоз Университетінің Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Нархоз Университетінің тұрақты даму комитетінің мүшесі, SKRI директоры Брендан Дюпре осы бағыттағы стратегияны қалыптастыру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Жаңашылдықтарды Комитет жылы қабылдап, отырысқа қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Стратегия университетке Орталық Азиядағы жалпы кампус бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың кешенді стратегиясын әзірлеген алғашқы университеттердің бірі болуға мүмкіндік береді. Стратегияда басшылықтың биылғы жылы басталатын ғимаратты жөндеуге деген ниеті де көрсетілгенін айта кеткен жөн. Ғылыми кеңеске ұсынылған баяндама: Стратегия