Жаңалықтар (Новая страница)

SKRI «АК Алтыналмас» АҚ-мен ғылыми-техникалық жұмыстарды жүзеге асыруға келісім-шартқа отырды

SKRI «АК Алтыналмас» АҚ-мен зерттеу есебін беру және фито-өсімдік тосқауылын енгізумен фитошаңды ұстау тұжырымдамасын қолдану арқылы Ақсу кен орнындағы тау-кен өндіру және өңдеу өндірісінің шаң әсерін азайту шешімін әзірлеу бойынша ғылыми-техникалық жұмыстарды орындауға келісім-шартқа отырды.
Ақсу кеніші 1930 жылдардан бері жұмыс істеп келеді және қазіргі уақытта кеніштерді, карьерді, кен қоймаларын, үйінділерді, Ақсу алтын өндіру зауытын, қалдық қоймасын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды.
Кенді өндіру және өңдеу атмосфералық ауаға бейорганикалық шаңның шығарындыларымен қатар жүреді, 2020 жылға белгіленген шығарынды нормасы – 770 тонна.
2021 жылдан бастап өндіріс көлемін арттыруға Котенко карьері қосылды (жылына 5 миллион тоннаға дейін). Бұл шаң шығарындыларының көлемінің ұлғаюына әкелді және шаңды азайту үшін экологиялық мәселелерді жедел шешуді талап етеді.
Жобаны іске асыру мерзімі 2022 жылдың қараша айына дейін жоспарланған.
SKRI