22 сәуірде Дүниежүзілік «Times Higher Education» агенттігі «University Impact Ranking-2020» қорытындысын жариялады. Рейтинг 2030 жылға дейінгі іске асыру мерзімі бар БҰҰ-ның 17 орнықты даму мақсатына арналған. Ол әлемдік университеттердің осы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесін бағалау үшін құрылды.
Айта кетейік, Нархоз Университеті рейтингке алғаш рет қатысып, өзіне 401+ орынды тіркеді. Біздің университет келесі мақсаттарды жүзеге асыруға қосқан үлесі туралы есеп берді:
ТДМ 3: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету – 401+
ТДМ 4: Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету – 401+
ТДМ 5: Гендерлік теңдік қамтамасыз ету және құқықтар мен мүмкіндіктерін кеңейту – 301+
ТДМ 7: Қол жетімді және таза энергия – 301+
ТДМ 8: Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету – 301+
ТДМ 9: Төзімді инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыру, инновацияны дамыту – 401+
ТДМ 16: Тұрақты даму үшін бейбіт және инклюзивті қоғамдарды алға жылжыту, барлығына сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету – 201+
ТДМ 17: Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестікті жандандыру – 301+
Биыл Times Higher Education беделді рейтингіне 85 елден 767 университет енген. Университеттің жұмысы, оның менеджменті, зерттеулері және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуі бағаланды. Нархоз Университетінен басқа, қазақстандық университеттер арасында Алматы Менеджмент Университеті Impact Ranking рейтингке енді.