narxoz
Edu Finance
Мұғалімдерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы
Бас демеуші — Freedom Bank Kazakhstan
Narxoz Edu Finance курсы - мұғалімдерге қаржылық сауаттылықтың негіздерін тегін меңгертуге бағытталған оқу бағдарламасы.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) деректері бойынша Қазақстандағы қаржылық сауаттылық деңгейі әлі де төмен.

ЭЫДҰ-ның «Қазақстандағы қаржылық сауаттылық» атты баяндамасында Орталық Азия елдерінің қаржылық сауаттылығын зерттеу барысында Қазақстан 21 баллдық шкаладан 13 балл алғаны баяндалған.

Бұл көрсеткіш халықтың жеке қаржысын басқару жөнінде, оның ішінде қаржылық қателерді түсіну, ивестициялау, жинақтау және қарыздарды басқару сияқты негізгі мәселелерде білімінің төмен екенін аңғартады. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін алдымен мұғалімдерді оқыту ең дұрыс шешім.
Курс кімге арналған?
Жаңадан білім алушылар үшін немесе біліктілігін арттырғысы келетін орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған.
Қандай бағыттар бар?
— Қаржылық сауаттылықтың негіздері;
— Несие, қарыз және қаржылық алаяқтық;
— Экономикалық;
—Қаржылық жоспарлау және инвестиция;
— Кәсіпкерлік;
— Ақша психологиясы.
КУРС ТУРАЛЫ
Қатысу шарты:
Оқыту тегін. Курсты аяқтаған соң, мұғалім көктемде Нархоз университетінде өтетін экономика олимпиадасына 20 оқушыны дайындауы қажет.
Оқыту форматы мен мерзімі
Ұзақтығы:
  • 72 сағат онлайн оқу
Курс бағдарламасы:
72 сағаттық оқу;
5 сабақтан құралған 6 модуль;
Онлайн семинарлар мен кеңес беру;
Апталық Q&A Zoom сессиялары
СПИКЕРЛЕР
  • Кунекей Нурлан
    Экономика ғылымдарының магистрі, қаржы саласы бойынша PhD докторант.
  • Бибигуль Толегул
    Қаржы және инвестиция саласының білікті сарапшысы.
  • Асель Аульбекова
    “Sana FinSchool” қаржылық сауаттылық және инвестициялар мектебінің негізін қалаушы.
    Қазақтанның миноритарлық акционерлер қауымдастығының басқару кеңесінің мүшесі.
    2012 жылдан бері инвестор.
  • Ташбаева Ляззат
    10 жылдан астам тәжірибесі бар психолог.
    Жоғары оқу орындарында психологиялық пәндердің оқытушысы ретінде жұмыс тәжірибесі бар.
  • Ибраимова Гүлбану Қуандыққызы
    Қаржылық кеңесші
  • Булатбекова Айсулу Богембаевна
    8 жылдық тәжірибесі бар психолог.
ЖОБА ТУРАЛЫ
Білім беру жобасы Нархоз университеті мен Freedom Bank Kazakhstan-ның қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бұл бірлескен жоба Қазазақстандағы білім беру аясын дамытудағы басты қадам. Еліміздің цифрландыру үдерісін жетілдіру мақсатында аталған курс мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын және цифрлық дағдыларын арттырады.

Бұл жоба мұғалімдерді цифрландыру мен қаржылық сауаттылық бағдарламасы негізінде бірнеше кезеңнен тұрады.

Жобаның басты мақсаты – жоғары сынып оқушылары арасында IT және экономика пәндері бойынша олимпиадалар өткізу. Сол арқылы талантты жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету. Жоба аясында 1000 мұғалімді оқыту жоспарлануда. Олар өз кезегінде 20 000-нан астам оқушымен алған білімдерін бөліседі.
Курс қазіргі заманның өзекті тақырыптарын қамтиды. Мысалы, бағдарламалау, киберқауіпсіздік және қаржылық сауаттылық. Бұл бағдарламалар тек білім деңгейін арттырып қана қоймай, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға да ықпал етіп, қарыздану деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Күтілетін нәтижелер қатарында мұғалімдер мен оқушылардың білім деңгейін көтеру ғана емес, сондай-ақ білім беру мен экономика салаларында одан әрі ынтымақтастықты қалыптастыру көзделеді.

Нархоз университеті мен Freedom Bank Kazakhstan арасындағы ынтымақтастық Қазақстандағы білім беруді жаңа деңгейге көтеруге, IT және экономика салаларында білікті кадрларды даярлауға, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ
  • Freedom Bank
    Бас демеуші - "Фридом Банк Қазақстан" АҚ, Freedom Holding Corp. құрамына кіретін ірі холдингтің бір бөлігі. Қазақстан қор биржасының (KASE), Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі.
  • VK Cloud
    Қазақстан Республикасындағы бизнесті цифрландыруға арналған платформа. Бұл инновациялық өнімдерді әзірлеуге, деректерді сақтауға, талдауға және шабуылдардан қорғауға арналған платформа. Бізде компанияларға ең маңызды мәселелерді шешуге көмектесетін Cloud технологиялары мен қызметтері бар.
  • Oylab
    Қазақстандағы қашықтан оқыту жүйелерін енгізу және жүйелеу, CRM жүйелерін интеграциялау және ойын элементтерін енгізу арқылы интерактивті контент әзірлеумен айналысатын жетекші компаниялардың бірі.