Жаңалықтар

Ынтымақтастық көкжиегі: Penn State University-нің делегациясы Нархозға жауап сапарымен келіп кетті.

Екі университет арасындағы стратегиялық та сеніми қарым-қатынастар нығая түсуде, ал ынтымақтастық сипаты прогрессивтік динамика мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетеді. 2024 жылғы 5-маусымда Penn State University (Пенсильвания штатының университеті) делегациясының Университетке жауап сапары Нархоз университетінің кампусында салтанатпен өтті.
Американдық тараптан кездесуге Пенсильвания штаты университетінің (Global) вице-провосты Сабина Клар, халықаралық бағдарламалар деканының орынбасары Стивен Барнс, жаһандық әріптестік жөніндегі директор Александра Персико, Орталық Азиядағы серіктестік жөніндегі директордың орынбасары Влад Лихолетов, қауымдастырылған профессор, IST бакалавриат бағдарламаларының директоры Ник Джакоби, Мұнай инженериясы кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Хамид Эмами-Мейбоди, Penn State Mont Alto математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ермек Нұрхайдаров, Penn State Wilkes-Barre корпоративтік коммуникациялар бағдарламасының ассистент-профессоры Наталья Водопьянова қатысты.
Шақыру 2024 жылдың сәуір айында Нархоз университетінің делегациясы американдық университетке арнайы барған кезде қабылданды. Нақ сол кезде ашылды, бұл – Нархоз студенттері үшін халықаралық мүмкіндіктерді.
Институционалдық серіктестік аясында университеттер қос дипломдық бағдарламаларды кеңейту, бірлескен зерттеулер жүргізу, сонымен қатар барлық факультеттер деңгейінде студенттер және оқытушылармен алмасу ниетін жария етті.
Алматыда Тараптар кезекті рет болашақ лидерлерді даярлаудың мақсаттары мен басымдықтары және өз көзқарастарының сәйкес келетіндігін атап өтті, берік те сенімді әріптестік қарым-қатынастар құру ісін жалғастыру қажеттігі бойынша өзара келісімге келді және ынтымақтастықтың қосымша мүмкіндіктерін зерделеді.
Қазіргі уақытта Нархоз мектептері Penn State-нің жетекші академиялық бөлімшелерімен ынтымақтастық форматтары бойынша жұмыс істеуде. Ең перспективалы бағыттардың бірі корпоративтік бағдарламалар, біліктілікті арттыру курстары және студенттермен алмасу бойынша Smeal College of Business-пен бірлескен жұмыс болып саналады.
Естеріңізге сала кетейік, екі жоғары оқу орнының серіктестігі 2019 жылы Нархоздың «Құқық және мемлекеттік басқару» мектебі мен Пенсильвания штаты университетінің Құқық мектебі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою негізінде басталды.
Бүгінгі таңда Нархоз студенттеріне келесідей бірегей мүмкіндіктер ұсынылып отыр: үздік профессорлардан білім алу, Қазақстанда және одан тыс жерлерде де өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, Магистратура бағдарламасы бойынша оқуға 100%-ға дейін жеңілдіктер, дәрістер мен бірлескен іс-шаралар.
Нархоз оқытушылары Penn Sate-те ғылыми және академиялық тағылымдамадан, оның ішінде «500 ғалым» бағдарламасы бойынша қаржыландыру арқылы өтуге мүмкіндік алады, бұл туралы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы Басқармасы төрағасының орынбасары Абай Рахмет ақпараттық сессияда айтып берді.
Нархоз университеті мен Penn State University-нің LLM бойынша қос диплом бағдарламасының түлегі Баян Әмірходжаева өз тәжірибесі және әсерлерімен бөлісті.
«Мен өзімнің альма-матерім - Нархоз ұсынатын өзінің серіктес университеті Penn State-дегі LLM бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі туралы ойда-жоқта естіп білдім. Толық емес жыл ішінде, яғни дәлірек айтсақ, 9 ай бойы (тамыздан мамырға дейін) оқу мен курсты тапсырудың қиындығы алаңдаушылық туғызды. Айта кету керек, бағдарлама оқу жылы ішінде құқық саласы бойынша терең білім алуға және емтихан тапсыруға мүмкіндік береді. Мен соңғы жылдарды отбасым мен балаларыма арнағандықтан, маған оқу режиміне кіру өте қиын болды, алайда керемет профессура, мультимәдениетті орта, күнделікті өмірдегі достық атмосфера жұмыс режиміне тез бейімделуге мүмкіндік берді. Университет орналасқан аймақтың табиғаты туралы айтпай кету әділетсіздік болар еді. Жайлы, ең бастысы, қауіпсіз және жайлы студенттер қалашығы. Егер үйренуге деген ниетіңіз бар болса, онда бәрі ойдағыдай болады және Сіздің үміттеріңіз ақталады.
Барлық жердегі сияқты, әрине, сіздің жеке тәртібіңіз аса маңызды. Бірінші күннен бастап оқытушылар әр студенттің естерінде қалғанын көрсетеді. Мамандардың әр түрлі тәжірибесі және сонымен бірге білім алушыларға қойылатын бірыңғай талаптар оқу процесі динамикасының тууына себепші болады, сөйтіп сіз емтихандар басталғанша пәндерден шаршап үлгермейсіз. Мен өз атымнан мынаны қосып айтқым келеді. Өз пәндерін тамаша игергені үшін оқытушыларға деген құрметім зор, сонымен қатар олардың жеке адами қасиеттері де менің университетте оқуыма ғажайып көмектесті».
Баян Әмірходжаева болашақ және қазіргі студенттерге әлемді батыл және әсіресе, кәсіби тұрғыдан еркін ашу жолын ұсынады.
Ол LLM бағдарламасының келесідей негізгі артықшылықтарын атап өтті:
  1. Бағдарлама бір оқу жылы ішінде құқық саласы бойынша терең білім алуға мүмкіндік береді;
  2. Құқықтық пәндердің әртүрлілігі, әрі таңдау мүмкіндігі;
  3. Қажетті ғылыми көздерге кең қолжетімділік;
  4. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген заңгер студенттермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі;
  5. Профессураның жоғары деңгейі.
Пенсильвания штатының университеті QS әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіреді және білім сапасы мен мансаптық перспективалары бойынша QS рейтингтік агенттігінің «5 жұлдыз» иегері болып саналады. Нархоз университеті сияқты американдық ЖОО да түлектердің сұранысы бойынша топ-200 ЖОО-ның қатарына енедіі.
LLM бағдарламасы бойынша оқытудың бірегей мүмкіндігі Нархоздың барлық жастағы және мамандықтағы түлектері үшін әрдайым ашық. Барлық мәселелер бойынша academic.mobility@narxoz.kz-ке хабарласуға болады.