Профессор Меурс келешекте экономикаға толыққанды үлес қосуы әбден мүмкін әйелдерді қолдаудың элементтеріне, оның ішінде әйелдерді теңсіз күтім жұмыстары ауыртпалықтарынан босату сынды элементке терең тоқталды. Сонымен қатар, профессор Меурс Қазақстан мен Орталық Азиядағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі сәтті әрі тиімді саясатты жылжытудағы GERC қызметінің маңызын атап өтті.
Майгуль Нугманова конференция қатысушыларын Орталықтың зерттеулерімен таныстырып, GERC зерттеулерінің дамуындағы жаңа саты пандемияның жұмыспен қамтылу мен ақысыз еңбекке гендерлік-дифференциалды ықпалы және пандемияның жағымсыз салдарларының алдын алу бойынша тиімді саясатты жылжыту үшін ұсынымдар (policy recommendations) шығарумен байланысын атап өтті.
Орталықтың зерттеушілері 2020-2021 шәкіртақы бағдарламасы шеңберіндегі зерттеу жұмыстарының аралық нәтижелерімен бөлісті.