GERC осымен үшінші жыл қатар гендерлік экономика саласындағы зерттеулерге арналған стипендиялық бағдарламаны іске қосты.
Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) осымен үшінші жыл қатар гендерлік экономика саласындағы зерттеулерге арналған стипендиялық бағдарламаны іске қосты. 2020 жылдың 15 желтоқсанында 2020-2021 бағдарламаның жаңа зерттеушілерімен ориентациялық кездесу өткізілді. Кездесу барысында Нархоз университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры - Әйгерім Раимжанова, Ph.D, құттықтау сөз сөйледі. Кездесудің негізгі спикерлері халықаралық сарапшылар болды: профессор Мики Меурс, Америка Университетінің (Вашингтон, АҚШ) экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының ко-директоры, ол стипендиаттарға гендерлік экономика саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттары туралы айтып берді және болашақ зерттеулер үшін өте құнды кеңестер берді; және Қырғызстандағы Деректер мектебінің негізін қалаушы және дерек журналисті Алтынай Мамбетова, ол адамдарға түсінікті әрі қызықты болу үшін деректерді өңдеу және визуализация мүмкіндіктері туралы айтты. GERC директоры Майгүл Нұғманова қатысушыларды Орталықтың қызметімен таныстырды және алдағы зерттеулерге арналған жұмыс жоспары мен кестесі туралы, сондай-ақ АҚШ пен Оңтүстік Кореяның халықаралық сарапшыларының стипендиялық бағдарламасы аясында өткізілетін жоспарланған семинарлары мен тренингтері туралы айтты. Биылғы стипендиялық бағдарламаға үш зерттеуші қатысады, олар: «Пандемияның әйелдердің үйдегі ақысы төленбейтін жұмысына және күтім жұмыстарына әсері», «Гендерлік сегрегация және еңбек нарығындағы теңсіздік: COVID-19 әсері» және «Гендерлік статистика». 2020-2021 бағдарламасының зерттеушілері: 1. Ақбота Сәдуақасова, Экономика Магистрі, Қазақ-Германия университеті; 2. Альмира Табаева, Магистр, Назарбаев Университеті; 3. Тілеубаев Алишер, Магистр, Сүлеймен Демирел атындағы Университет. Зерттеушілер таңдаған бағыттар өте қызықты және өзекті. GERC тобы профессор Мика Меурске Нархоз университетіндегі гендерлік экономика ғылыми-зерттеу орталығын дамытуға қосқан құнды үлесі, қолдауы және көшбасшылығы үшін алғыс білдіреді. Зерттеушілерге жемісті де қызықты жұмыс пен жақсы басылымдар тілейміз. Стипендиялық зерттеу бағдарламасы Сорос-Қазақстан қоры қолдауы аясында өткізіледі.
Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) Американдық университет (Вашингтон, КО) профессоры Мика Мерспен (Mieke Meurs) бірлесе отырып, 2020-2021 жж. гендерлік экономика саласында зерттеулер өткізу бойынша шәкіртақы бағдарламасы шеңберінде шәкіртақы алушы зерттеушілерге арналған екінші онлайн check-in кездесу ұйымдастырды.
2021 жылдың 11 ақпанында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) Американдық университет (Вашингтон, КО) профессоры Мика Мерспен (Mieke Meurs) бірлесе отырып, 2020-2021 жж. гендерлік экономика саласында зерттеулер өткізу бойынша шәкіртақы бағдарламасы шеңберінде шәкіртақы алушы зерттеушілерге арналған екінші онлайн check-in кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында шәкіртақы алушы зерттеушілер «Әдебиетке шолу» тақырыбында презентациялар жасап, онда олар өздері таңдаған ғылыми әдебиеттер мен олардың өз зерттеулеріне қатысына тоқталып өтті. Профессор Меурс зерттеушілердің сөздеріне қатысты құнды ақылдары мен түсініктер беріп, әрбір шәкіртақы алушы зерттеушілермен жеке кездесу өткізді. Жеке кездесу барысында шәкіртақы алушы зерттеушілер өз зерттеулері жөнінде пайдалы кері байланыс ала алды.
Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) Сеул Ұлттық университеті (Сеул қ., Оңт. Корея) ғалымдары жоба шеңберінде 2020-2021 жж. шәкіртақы алушыларға арналған екінші онлайн воркшоп ұйымдастырды.
2021 жылдың 27 қаңтарында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) Сеул Ұлттық университеті (Сеул қ., Оңт. Корея) ғалымдары социология және демография профессоры Ки-Су Ён (Ki-Soo Eun), философия докторы Дживон Джун (Jiweon Jun), саяси ғылымдар докторы Хуна Мун (Hyuna Moon) және Американдық университет (Вашингтон, КО) профессоры Мика Мерспен (Mieke Meurs) бірлесе отырып, Сорос Қазақстан қорымен қаржыландырылған жоба шеңберінде 2020-2021 жж. шәкіртақы алушыларға арналған екінші онлайн воркшоп ұйымдастырды.
Бірінші сессияда шәкіртақы алушылар өз зерттеу тақырыптары бойынша қысқа шолу өткізіп, ғалымдарға өздері зерттеу кезінде жиі соқтығысатын сұрақтар қойды. Екінші сессияны «Идеядан тұжырымдарға: эмпирикалық деректерді жинау және деректерді басқару» тақырыбы бойынша философия докторы Дживон Джун (Jiweon Jun) өткізіп, онда ол шынайы өмірден мысалдар келтіре отырып, зерттеудің тақырыпты таңдаудан бастап зерттеу нәтижесіне алуға дейінгі әр сатысына тоқталды. Саяси ғылымдар докторы Хуна Мунмен (Hyuna Moon) өткізілген үшінші сессия «Сапалық әдістер және сауалнама деректерін жинау» тақырыбына арналды. Доктор Мун сапалық әдістің сандық әдістен негізгі айырмашылықтарын, ғылымдағы сапалық әдістің қолданылуы мен зерттеудегі сауалнамалар рөлін түсіндірді. Қорытынды төртінші сессия социология және демография профессоры Ки-Су Ёнмен (Ki-Soo Eun) «Өз деректеріңді қашан жинау қажет» тақырыбына өткізіліп, онда ол зерттеудегі ғалымның өз деректерін жинауының маңызын атап өтіп, оны қалай жинау керек деген сұраққа тоқталып кетті. Сұрақты терең түсіндіру үшін профессор Ки-Су Ён (Ki-Soo Eun) тренингін өз зерттеу жұмысы мен басқа ғалымдар жұмысынан алынған мысалдармен суреттеді.
Семинардың соңында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының (GERC) директоры, экономикалық ғылымдар кандидаты Майгуль Нугманова Сеул Ұлттық университеті мен Американдық университет ғалымдарына Қазақстан экономикасындағы гендерлік зерттеу жұмыстарына қосқан үлестері мен ынтымақтастық үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) ауған әйелдеріне арналған қыстық мектеп өткізді.
2021 жылдың 11 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) БҰҰ-Әйелдер қаржыландырған жоба шеңберінде Алматы қаласының көркем жерінде орналасқан «Altyn Kargaly» қонақ үй-шипажайында ауған әйелдеріне арналған қыстық мектеп өткізді.
Қыстық мектеп ауған әйелдерінің гендерлік теңдік, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, әйел құқықтары және бейбітшілік орнату саласында білімдік әлеуетін дамыту мен көтеруге бағытталды.
Қыстық мектеп кезінде өткізілген тренингтердің негізгі мақсаты жеке және кәсіптік даму, мансапты жоспарлау, басқару, жұмысқа орналасу, тайм-менеджмент, көшбасшылық, экономикалық мәселелерді гендерлік талдау, сыни ойлау, бейбіт қоғамдастық пен қауіпсіздікті, дипломатиялық қатынас құралдары, өзін-өзі таныстыру салаларында ауған студенттерінің дағдыларын қалыптастыру болып табылды.
Сессияларда көрсетілген тұжырымдамалар мен мәселелерді түсінуді қамтамасыз ету үшін шынайы өмірдегі мысалдар, тақырыптық зерттеулер мен Ауғанстан мен Қазақстан еңбек нарықтарындағы жағдайды көрсететін статистикалық деректердің ортақ талдаулары қолданылды. Әр сессия жоғарыда аталған мемлекеттердің материалдарына негізделген интерактивтік жаттығулармен толықтырылды.
Үйретушілер тобы келесідей сарапшылардан құралды: Рустам Кыпшакбаев – адам құқықтары жөніндегі сарапшы, Майгуль Нугманова – экономикалық ғылымдар кандидаты, Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының директоры, Зульфия Имярова – тарих ғылымдарының кандидаты, «Халықаралық қатынастар және саясаттану» білім бағдарламасы бойынша Нархоз Университетінің ассоциацияланған профессор-зерттеушісі, Анастасия Липовка – іскерлік әкімшілік бойынша PhD дәрежесіне кандидат, Алматы Менеджмент Университетінің аға оқытушысы және «Alatrium» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы.
Сонымен қатар қыстық мектепте шақырылған лекторлар – саясатта жетістікке жеткен әйел адам Зауреш Батталова және бизнесте жетістікке жеткен әйел адам Гульжан Мукушева да сөз сөйледі.
«Гендерлік экономиканы зерттеудегі эмпирикалық тәсіл» және «Гендерлік талдау мен феминистік экономика» тақырыптарында алғашқы онлайн воркшоп
2021 жылдың 20 қаңтарында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) Американдық университет (Вашингтон, Колумбия окр.) профессоры Мика Меурспен (Mieke Meurs) бірлесе отырып, Сорос Қазақстан қорымен қаржыландырылған жоба шеңберінде 2020-2021 жж. шәкіртақы алушыларға арналған «Гендерлік экономиканы зерттеудегі эмпирикалық тәсіл» және «Гендерлік талдау мен феминистік экономика» тақырыптарында алғашқы онлайн воркшоп ұйымдастырды.
Тренинг барысында профессор Меурс зерттеушілерге мемлекеттің экономикалық дамуы үшін гендерлік теңдіктің маңыздылығын, экономикадағы гендерлік сараптау түсініктерін, зерттеу сұрақтарын дұрыс қойып, оған дұрыс жауап бере алудың маңызын түбегейлі түсіндірді.
Профессор Меурс зерттеудегі жиынтықты сандық деректердің маңызын атап өтіп, сапалық деректерге жан-жақты тоқталып кетті – сапалық деректердің түрлерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтіп, артықшылықтар қай жағдайда кемшіліктерден асатынын түсіндірді.
Профессор Меурс сонымен қатар феминистік экономика түсінігі, оның негізгі қағидалары және бөлімдеріне тоқталып өтті.
Зерттеу жүргізу мысалдары ретінде профессор Меурс сәтті халықаралық зерттеулер, қолданылып жатқан әдіс-тәсілдер, деректер және бағдарламалық жасақтамалар жайлы, оның ішінде Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) Life in Transition Survey (LITS) деректері жайлы айтып берді. Ол бұл ақпарат көзін ұлттық статистикалық деректер болмаған жағдайда қалай қолданылуға болатынын түсіндірді.
Тренинг соңында Профессор Меурс сауалнама/ интервью жүргізу бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес жеке деректер жинайтын барлық зерттеушілер сол ақпаратқа қатысты құпиялық және орын алуы мүмкін тәуекелдерді азайту жөнінде оқу оқулары міндеттерін атап өтті. Профессор Меурстің арқасында келешекте шәкіртақы алушылар осы салады тренинг өте алатын болады.
Тренингтің соңында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының (GERC) директоры, экономикалық ғылымдар кандидаты Майгуль Нугманова және GERC зерттеушісі Айжан Салимжанова Қазақстан бойынша статистикалық деректер жөнінде ақпарат ұсынып, терең мазмұнды тренинг пен пайдалы сілтемелер үшін профессор Меурске ыстық ықыластарын білдірді.
Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) – Нархоз Университеті - Сорос-Қазақстан Қоры
GERC, Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен, 2019 жылғы 10-12 желтоқсанда Гендерлік Экономика Форумын ұйымдастырды. Іс-шара аясында «Қазақстан экономикасындағы гендерлік режим: үй шаруашылығындағы ақысы төленбейтін жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, екі күндік тренингтер өткізілді. Іс-шараның негізгі баяндамашысы (спикері) - халықаралық сарапшы, Американдық университеттің экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының бірлескен директоры, профессор Мики Меурс (Вашингтон, АҚШ), «Гендерлік режимдер, ақысы төленбейтін үй жұмысы және халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс жағдайыны» тақырыбында баяндама жасады. Профессор Мики Меурс өткізген тренингтердің тақырыптары: «Академиялық қоғамдастық үшін гендерлік зерттеу әдістері» (10 желтоқсан, 2019 ж.) және «Гендер бойынша бөлінген халықаралық деректер» (2019 ж. 12 желтоқсан). Форумға жетпістен астам қатысушылар қатысты - Сорос-Қазақстан қорының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, әкімдік, БҰҰ, ЮСАИД, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның сарапшы және ғылыми қауымдастығының өкілдері.
Форум ғылыми, академиялық және коммерциялық емес қоғамдастықтардың өкілдерін әйелдердің экономикалық әл-ауқатының мәселелерін талқылауға жинады.
Кездесу барысында Нархоз университетінің Ректоры – Эндрю Вахтел, Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы – Аида Айдаркулова, БҰҰ-ның Әйелдер бағдарламасының маманы – Салтанат Мұстафина және гендерлік мәселелер бойынша Азия бойынша аймақтық кеңесші – Рабиға Байтокова сөз сөйледі. GERC директоры доктор Майгүл Нугманова Зерттеу Орталығының жұмысы туралы баяндама жасады.
Сорос-Қазақстан Қорының стипендиаттары келесі тақырыптар бойынша өз зерттеулерін ұсынды:
- Гендерлік еңбек бөлінісі және ақысы төленбейтін үй шаруасы: Қазақстанның деректері;
- Персоналды басқару және ақы төлеудегі айырмашылық: Қазақстанның деректері;
- Қазақстанның STEM саласындағы әйелдердің жұмыспен қамтылуын мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру;
- Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу: процестер, іске асыру тетіктері мен болашағы;
- Қазақстан халқының өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік айырмашылықтары (1981-2017 жж.).
Кездесу соңында сарапшылар мен дөңгелек үстелдің қатысушылары қоғамдық өмірдегі гендерлік теңдік, әйелдердің ақысы төленетін үй шаруасының ауыртпалығын азайту, балаларға және басқа да отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауды ұйымдастыруға, сондай-ақ гендерлік-сезімтал статистиканы дайындауға практикалық ұсынымдар дайындауға кірісті. Нархоз университетінің басшылығы осындай жобаларды қолдайды және әлеуметтік маңызды шараларды әрі қарай жетілдіру үшін жаңа ынтымақтастыққа ашық.
GERC БҰҰ-Әйелдер құрылымына және Фридрих Эберт Қорына дөңгелек үстелге қаржылық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
GERC қызметкерлері мен зерттеушілері үшін кездесулер мен кеңестер
2019 жылдың 9 желтоқсанында GERC қызметкерлері Американдық университеттің профессоры (Вашингтон, АҚШ), Экономикадағы гендерлік талдау бағдарламасының (PGAE) директоры Микки Мерспен кездесті. Микки Мерс PGAE тәжірибесімен бөлісті, GERC орталығының алдағы жұмысына ұсыныстар берді. Микки Мерс сонымен қатар Халықаралық феминистік экономика қауымдастығының (IAFFE) вице-президенті. Профессор Мерс бірнеше жылғы «Феминистік Экономика» журналын GERC-қа Қауымдастық атынан сыйлық ретінде берді, бұл Қазақстандағы гендерлік зерттеушілер үшін баға жетпес үлес болып табылады. Сондай-ақ, профессор Месе орталықтың зерттеушілеріне, Сорос-Қазақстан қорының стипендиялық бағдарламасының стипендиаттарына кеңестер берді.
2019-2020 жж. «Гендерлік экономика» курсы
«Гендерлік экономика» курсы Сорос-Қазақстан қорының, Нархоз Университетінде Гендерлік Экономиканы Зерттеу Орталығын (GERC) құру жобасы аясында жасалып, жүзеге асырылды. Курс экономикалық теорияның гендерлік аспектілерінің негізгі элементтерін (құрама) және жұмыспен қамту саласындағы жағдайды, сондай-ақ теориялық және практикалық тұрғыдан репродуктивті саланы, отбасылық қатынастарды және әлеуметтік саясатты бағалауда гендерлік көзқарасты қарастырады. Студенттердің бұл пәнге деген қызығушылығы болғандықтан, пән Нархоз университетінің студенттері үшін екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде түрлі мамандықтағы 20 студент - экономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер және басқа мамандықтағы студенттер, 3 кредиттік Гендерлік экономика курсына қатысады. Курсты Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының (GERC) ғылыми зерттеуші-стипендиаты, Стамбул Техникалық Университетінің «Экономика» мамандығы бойынша докторанты - Салимжанова Айжан жүргізеді.
Гендерлік экономика курсы материалды жай жаттаумен шектеліп қалмай, сонымен қатар студенттерде сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Курс студенттерді пікірталас пен мәселелерді шешуге жұмылдыратындай етіп ұйымдастырылған. Курс бағдарламасы студенттердің тұрақты қатысуын талап етеді. Курстың дәрістері мен практикалық дайындығы - бұл сұрақтар мен жауаптар, жаңа идеялардың пайда болуы, сол себепті курс студенттері өз көзқарастарын, сындары мен күмәндерін қалыптастырып, оны ашық жеткізуге үйренеді.
Гендерлік-сезімтал элективті курстарды енгізу жастардың дәстүрлі кәсіби өзін-өзі анықтауын өзгертуі керек. Макро деңгейдегі проблемаларды талдауда гендерлік аспектілерді қосу экономиканы әлеуметтік бағытта қайта бағыттауға, атап айтқанда, адамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
GERC/Нархоз университеті Фридрих Эберт Қорымен бірлесіп "Teaching Gender Studies" іс-шарасын өткізді.
3-5 желтоқсан 2019 ж. аралығында Фридрих Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі, Нархоз Университетінің Гендерлік Экономиканы Зерттеу Ортылығымен (GERC) және WeArt әлеуметтік-білім беру жобасымен бірлесе отырып, «Teaching Gender Studies» іс-шарасын ұйымдастырады.
Іс-шара аясында, бас кейіпкерлері Ninety One тобының мүшелері болған Катерина Суворованың «Мен Сен Емес» (2019) атты деректі фильмнің көрсетілімі, режиссерға және фильмнің түсіріліміне қатысқан сарапшыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беретін пікірталас, Нархоз Университетінің студенттері дайындаған бейне-сұхбаттың презентациясы, өнертану докторы Молдияр Ергебековтың «Этика, Гендер және Медиа» атты авторлық курсының презентациясы, және Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей ЖОО-нан келген сарапшылардың қатысуымен пікірталас пен талқылаулар өткізілді. Талқыланған тақырыптар: "Гендерлік пәндерді ЖОО-ның білім беру бағдарламасына енгізу. Қандай кедергілер кездеседі және оларды қалай жоюға болады?", "Білім беру бағдарламасында бар гендерлік пәндер", "Университеттердің Гендерлік зерттеу Институттарымен серіктестігі", "Халықаралық серіктестіктің болашағы", "Формалды/Формалды емес білім беру. Олар қай жерде қиылысады және оның қандай пайдасы бар?".
Гендерлік Экономиканы Зерттеу Орталығының ғылыми қызметкерінің TEDx AbayStWomen іс-шарасында сөз сөйлеуі
2019 жылдың 8 желтоқсанында орталықтың ғылыми қызметкері 4-ші гендерлік теңдік конференциясында «Кім кінәлі немесе Экономистер неге "соқыр"» тақырыбында сөз сөйледі.
TEDxAbayStWomen әйелдердің дамуының жаңа кезеңдеріне, өздеріне және болашақтарына деген сенімдерін арттыруға бағытталған. Жыл сайын конференция қызықты спикерлерді, сарапшылар мен қонақтарды жинайды және адамдардың өз пікірлерін білдіруге және басқаларды тыңдауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар, спикерлер мен ұйымдастырушыларды инновациялық идеялар мен әлемді жақсартуға деген ұмтылыс біріктіреді.
Германиядағы кездесу және семинар
Майгүл Нұғманова мен Әйгерім Құсайынқызы 2019 жылдың қараша айында Германияның Киель, Фаххошуле университетінің гендерлік зерттеулер институты ұйымдастырған семинарға қатысты.
Сондай-ақ, Майгүл Нугманова (GERC, Нархоз Университеті) және Бритта Тэг (Пәнаралық гендерлік зерттеулер институты, Германия) арасында кездесу өткізді. Кездесу аясында гендерлік білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастықтың мүмкін жолдары, бірлескен зерттеулер және халықтың гендерлік санасын арттыру жөніндегі іс-шаралар талқыланды.
Гендерлік Экономиканы Зерттеу Орталығының ғылыми қызметкерінің Қазақстандағы әйелдер құқығы туралы брифингінде сөз сөйлеуі
2019 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы саябақта Қазақстандағы алғашқы үйлестірілген әйелдер кездесуі өтті. Митингі барысында 8 спикер түрлі тақырыпта сөз сөйледі. Орталықтың ғылыми қызметкері «Әйелдер және олардың ғылымдағы рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.
БҰҰ Әйелдер жобасы «Қазақстандағы әйелдердің ақысы төленбейтін жұмысы туралы зерттеу».
GERC Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту (БҰҰ әйелдер) әйелдердің ақысы төленбейтін жұмысы туралы зерттеу жүргізу үшін грантты жеңіп алды. Зерттеу мақсаты: шығындардың күтім қызметтерінің институционализациясына жұмыспен қамтуға әсерін және бюджет кірісіне әсерін модельдеу.
Жоба аясында Қазақстандағы күтім жасау қызметтерді институционализациялаудың экономикалық тиімділігіне баға беру / талдау жүргізілді және үкіметке ұсынымдар жасалды.
CESS 2019 конференциясы, Джордж Вашингтон университеті, қазан 2019 ж., Американдық университеттің экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының бірлескен директоры профессор Мики Мёрспен кездесу (Вашингтон, АҚШ).
2019 жылдың қазан айында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының директоры Майгүл Нугманова Джордж Вашингтон университетінде Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (CESS) конференциясында баяндама жасады. Панельдік топ: Профессор Миике Меурс, Экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының бірлескен директоры, Американдық университет, Вашингтон; Майкл Броди, Америка университетінің профессоры, Вашингтон; Стэнли Курьер, техникалық кеңесші, IREX, Вашингтон, жоғары білім беру сапасын, жұмыспен қамту және Қазақстандағы еңбек нарығындағы гендерлік мәселелерді талқылады.
Профессор Мика Меурспен кездесу де өтті, онда GERC орталығының дамуы, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі талқыланды.
Presentation of the GERC
2019 жылдың 11 қыркүйегінде Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлеріне арналған орталықтың таныстыру өткізді. Орталықтың таныстыруы университеттің ғылыми орталықтарымен және институттарымен танысуға арналған ғылыми семинарлардың сериясы аясында өтті.
Орталық басшысы Майгүл Нұғманова орталықтың миссиясы, міндеттері мен қызметі туралы баяндама жасады. Орталықтың зерттеушілері - Айжан Сәлімжанова, Амина Хасанова және Мақпал Бектұрғанова өздерінің зерттеулері туралы сөз сөйледі.
Жазғы мектеп «Жыныстық және репродуктивті денсаулықты ескеретін, жыныстық түрлі жастарға білім беру», Орталық Азиядағы Америка университеті, Бішкек, Қырғызстан, 2019 ж. шілде
Орталық қызметкерлері 2019 жылдың шілде айында Орталық Азиядағы Америка университетінде жазғы мектепке қатысты. Олар «Гендер және даму», «Сексуалдық және репродуктивті денсаулық туралы білім», «Ерте неке және олардың салдары», «АИТВ / ЖИТС және ЖЖБИ-нің алдын-алу», «Қалыңдықты ұрлау», «Гендерлік зорлық-зомбылық» тақырыптары бойынша Орталық Азиядағы Америка университеті, Торонто университетінің мен Киль Қолданбалы ғылымдар университетінің пәнаралық гендерлік зерттеулер мен әртүрлілік институтының (Германия) профессорларының дәрістері мен семинарларына қатысты.
2019-2020 жж. Зерттеуші-стипендиаттарымен бағдарлау сессиясы, 9 шілде 2019 ж
Ғалымдармен алғашқы кездесуде орталық жетекшісі Майгүл Нұғманова экономика саласындағы гендерлік зерттеулер туралы бағдарлы баяндама жасады, ғалымдарының зерттеу жоспарлары туралы алғашқы пікірін берді және ғалымдарға халықаралық сарапшы, Америка университетінің профессоры Мика Меурстың түсініктемесімен таныстырды.
2019 жылғы Халықаралық бизнес және экономика конференциясы (ICBE2019), Йосу, Оңтүстік Корея
Зерттеуші 2018-2019 жж Анель Киреева 2019 жылы шілдеде Оңтүстік Кореяда өткен конференцияға қатысты. Онда ол Орталықтың стипендиялық бағдарламасы аясында дайындаған, «Ерекшелік» сыйлығын алған Қазақстандағы гендерлік жалақы айырмашылығы туралы өзінің зерттеу жұмысын ұсынды.
«Гендерлік экономика саласындағы заманауи зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел аясында «Сорос - Қазақстан» қорының «Ашық экономика» стипендиясы бағдарламасының түлектерінің әйелдердің, үй шаруашылықтарының экономикасын кеңейту, еңбек бөлінісі, гендерлік жалақы айырмашылығы, гендерлік статистика және бюджет бойынша ғылыми жұмыстарының тұсаукесерлері болды. Бұл бағдарламаның түлектері 2018-2019 жылдар аралығында Нархоз университетінің гендерлік экономиканы зерттеу орталығында оқыды. Ғылыми еңбектердің тұсаукесерінен кейін гендерлік экономика саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік пікірталас өтті. Атап айтқанда, іс-шарада мемлекеттік органдардың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Зерттеу» ғылыми-зерттеу институты» қоғамдық қорының және БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының өкілдері сөз сөйледі.
«Қазақстандағы гендерлік экономикаға шолу: әйелдер мен ерлер арасындағы жалақы айырмашылығы» дөңгелек үстелі
Дөңгелек үстел аясында «Сорос - Қазақстан» қорының «Ашық экономика» стипендиясы бағдарламасының түлектерінің әйелдердің, үй шаруашылықтарының экономикасын кеңейту, еңбек бөлінісі, гендерлік жалақы айырмашылығы, гендерлік статистика және бюджет бойынша ғылыми жұмыстарының тұсаукесерлері болды. Бұл бағдарламаның түлектері 2018-2019 жылдар аралығында Нархоз университетінің гендерлік экономиканы зерттеу орталығында оқыды. Ғылыми еңбектердің тұсаукесерінен кейін гендерлік экономика саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік пікірталас өтті. Атап айтқанда, іс-шарада мемлекеттік органдардың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Зерттеу» ғылыми-зерттеу институты» қоғамдық қорының және БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының өкілдері сөз сөйледі.
Адам құқықтары күні: әйелдер. Панельдік пікірталас
2018 жылғы 10 желтоқсанда, Адам құқықтары күні қоғамдағы қыздар мен әйелдердің экономикалық жағдайы мен олардың зорлық-зомбылыққа (экономикалық, психологиялық, сексуалдық және тұрмыстық) сезімталдығы, үй шаруасындағы әйелдердің экономикалық құқықтары және гендерлік жалақы айырмашылығы сияқты маңызды мәселелерді талқылау үшін келесі гендерлік сарапшылармен панельдік пікірталас өтті:
«Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты» директоры Маргарита Өскенбаева;
Колумбия Университетінің жанындағы Орталық Азиядағы Ғаламдық Денсаулықты Зерттеу Орталығының аймақтық директоры Әсел Терлікбаева;
АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының жобалар үйлестірушісі Любовь Чубукова;
TEDxAbayStWomen и TEDxYouth AbaySt конференцияларын ұйымдастырушысы Лейла Махмудова.
Сонымен қатар іс-шарада Нархоз студенттері мен студенттері арасындағы «Қазақстандағы әйелдердің құқықтары туралы ең жақсы көрнекі мазмұн» байқауының жеңімпазы Сайро Ахмоллаева марапатталды.
Дәрістер
Нархоз университетінің студенттері мен қызметкерлері үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың қатысуымен гендерлік және экономикалық мәселелер бойынша екі дәріс ұйымдастырылды. Біреуі орыс тілінде - гендерлік сарапшы Аида Алжановадан, ADAM DAMU Қоғамдық қорының президенті, ал ағылшын тілінде - Алматыдағы БҰҰ ЭСКАТО қызметкері Усама Райханнан.
2018-2019 жж. «Гендерлік экономика» пәні
Гендерлік экономика курсының оқу жоспарын орталықтың зерттеушілері жасаған. Экономика бакалавры деңгейіндегі орыс тобынан 25 адам және қазақ тобынан 28 адам 2018-2019 академиялық жылдың көктемгі семестріне қабылданды.