Майгуль Нугманова өз сөзінде Орталықтың серіктестіктері және олармен ынтымақтастық жүргізу шарттары жайлы айтып өтті. Олег Козырев «Сорос-Қазақстан» Қорының қызметі және онымен қолданылып отырған жобалар жайлы ой өрбітті. Профессор Меурс Қазақстан және Орталық Азиядағы гендерлік экономика саласында зерттелер жүргізу мен эксперттер даярлаудағы Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы жұмысының маңыздылығы, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізумен қатар, нәтижесінде бүкіл қоғамға пайдасын тигізетін экономикалық мәселелердің гендерлік сараптамасы мен ұсынымдар шығару маңыздылығы аталған бейне хабарлама жолдады. Оның ойынша, Орталық шәкіртақы алушыларының жасаған сараптамалары келешекте орын алуы мүмкін саяси дебаттарда қомақты рөл атқаратын маңызды ақпарат береді.