2021 жылдың 21 сәуірі Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) басшысы Майгуль Нугманова, «Сорос-Қазақстан» Қорының адвокация бойыша кеңесшісі Олег Козырев және Орталықтың халықаралық эксперті –
2021 жылдың 21 сәуірі Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) басшысы Майгуль Нугманова, «Сорос-Қазақстан» Қорының адвокация бойыша кеңесшісі Олег Козырев және Орталықтың халықаралық эксперті – Американдық университет (Вашингтон қ., КО) профессоры Мика Мерс (Mieke Meurs) Нархоз университетімен ұйымдастырылған Жаһандық апта – КЕЛЕШЕКТІ ЖАСАУ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ БИЗНЕС жаһандық даму күнінде сөз сөйледі. Майгуль Нугманова өз сөзінде Орталықтың серіктестіктері және олармен ынтымақтастық жүргізу шарттары жайлы айтып өтті. Олег Козырев «Сорос-Қазақстан» Қорының қызметі және онымен қолданылып отырған жобалар жайлы ой өрбітті. Профессор Меурс Қазақстан және Орталық Азиядағы гендерлік экономика саласында зерттелер жүргізу мен эксперттер даярлаудағы Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы жұмысының маңыздылығы, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізумен қатар, нәтижесінде бүкіл қоғамға пайдасын тигізетін экономикалық мәселелердің гендерлік сараптамасы мен ұсынымдар шығару маңыздылығы аталған бейне хабарлама жолдады. Оның ойынша, Орталық шәкіртақы алушыларының жасаған сараптамалары келешекте орын алуы мүмкін саяси дебаттарда қомақты рөл атқаратын маңызды ақпарат береді.