Жаңалықтар (Новая страница)

Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы гендерлік экономика саласындағы жас зерттеушілер үшін 2021-2022 оқу жылына арналған конкурс жариялайды

Нархоз университеті жанындағы Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы балалар мен қарттарға күтім жасау мәселелері бойынша Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да мемлекеттері арасынан жас зерттеушілерге зерттеулер жүргізу үшін төртінші іріктеу ашылғанын жариялайды.   Іріктелген үміткерлерге 7 ай бойы стипендия беріледі. Стипендиялар зерттеушілерді қолдауға және олардың ғылыми мақалаларын жазумен байланысты зерттеулер мен әкімшілік шығындарды өтеуге арналған (сұхбат, сауалнама, мәліметтер жинау және т.б.).
Жоба Сорос-Қазақстан Қорымен қолдауына ие.

Барлығы 4 (төрт) стипендиат таңдалады.

Стипендиялық бағдарлама халықаралық зерттеу тәжірибесі бар, тәжірибелі ғылыми жетекшілердің жас зерттеушілерін жан-жақты қолдауды көздейді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін стипендиаттар:
1. а) күтім жасау жүйесін дамыту бойынша практикалық ұсыныстармен бір ғылыми жұмыс дайындап, ұсынулары керек; рецензияланатын ғылыми журналда жариялау үшін басылым дайындаулары қажет; немесе ә) Жобаға жұмылдырылған Үкіметтік емес үйыммен бірлесе отырып, Қазақстандағы күтім жасау мәселелері бойынша аяқталған есеп ұсынулары қажет.
2. БАҚ-та зерттеудің орта мерзімді және соңғы нәтижелері туралы мақала жариялаулары керек.
2021-2022 жж. арналған Стипендиалдық бағдарлама күтім экономикасы зерттеулерін күтім “жүйесі” контекстінде  қарастырады:

балалар мен қарттарға күтім жасау; күтім жасау бойынша ақылы және ақысыз еңбек; күтім жасау бойынша институционалдық қызметтер; үй шаруашылығы мүшелерімен қаматамсыз етілетін күтім; күтім жасаудағы олқылықтар; күтім көрсететін жеке тұлғалар мен ұйымдардың мәселелері және т.б. 
Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзекті және сонымен бірге айтылмайтын/ жете бағаланбайтын мәселе, оның шешімі әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңеюіне мүмкіндік туғызар еді.
Зерттеудің жазылу тілі - орыс немесе ағылшын тілдері, зерттеуші өзі таңдауға құқылы.

2021-2022 жж. арналған Стипендиалдық бағдарламаның кезеңдері:

  • Гендерлік экономика сарапшыларының стипендиаттарға арналған бағдарлау сессиясын өткізу: 2022 жылдың қаңтар айының екінші жартысы
  • Зерттеулер жүргізу процесі: 2022 жылдың қаңтар айының екінші жартысы - 2022 жылдың тамыз айының екінші жартысы
  • Стипендиаттарға арналған семинарлар / тренингтер: ақпан 2022 - наурыз 2022;
  • Зерттеу жұмыстарының жоспарларын  орындау туралы есептер: әр айдың үшінші аптасы;
  • Зерттеулердің аралық нәтижелері туралы әлеуметтік желілерді блог /БАҚ-да мақала жариялау: 2022 ж. мамыр айының соңы;
  • Зерттеулерді аяқтау: 2022 ж. шілде-тамыз;
  • Зерттеулердің соңғы нәтижелерін ұсыну: 2022 ж. тамыз.

Конкурсқа қатыса отырып, үміткерлер осы арқылы стипендиалдық бағдарламаның барлық кезеңіне және оны жүзеге асырудың барлық мерзімі ішінде өзінің қатысуын растайтындарын назарларына алулары тиіс.  

Конкурсқа қатысуға келесілер шақырылады:
  • Шетелдік және қазақстандық ЖОО-дың экономикалық, қаржылық, гуманитарлық мамандықтар бойынша оқитын магистранттары мен PhD ізденушілері;
  • Қазақстандық және Орта Азиялық ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталықтар мен институттар, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың экономисттері, сарапшылары, мамандары;
  • Тәуелсіз экономистер, эксперттер және зерттеушілер. 

Өтінім берушілерге қойылатын талаптар:

  • Магистр дәрежесі;
  • Сарапшылық және зерттеушілік қызмет тәжірибесі (2 жылдан кем емес); 
  • Ғылыми жұмысты жазу, ғылыми әдебиетті оқу және гендерлік экономика бойынша тренингтерге қатысу үшін қажет ағылшын тілінің жетілдірілген деңгейлері. Ағылшын тілін білу сертификаты және / немесе ағылшын тілінде оқытылатын білім беру бағдарламасы бойынша университет дипломы болу құпталады;
  • Жасы – 35 жасқа дейін;
  • Орталық Азия елдерінің бірінің азаматы болу және де сол елде тұрақты тұру;
  • Стипендиялық бағдарлама шеңберінде онлайн тренингтерге, семинарларға және басқа іс-шараларға қатысу мүмкіндігі.
  • Ашық қоғам құндылықтары мен қоғамдық мән-маңызға ие мәселелерді ашық талқылай білу қағидаларына адалдық.

Конкурс мерзімі:

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 ж. 17 қаңтар (Астана уақыты бойынша 16:59). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Ескерту: Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы Сорос-Қазақстан Қорының келісімі бойынша, әрі өз қалауы бойынша осы конкурстың өткізілу мерзіміне аздаған өзгерістер енгізе алады.
Өтінімге қойылатын міндетті талаптар:

Өтінімге келесілер енуі қажет:
  • Толтырылған өтінім формасы, үлгімен мына жерде танысуға болады; (егер үміткер қаласа, өтінім орыс және ағылшын тілінде толтырылуы мүмкін);
  • IELTS немесе TOEFL ағылшын тілінен тест сертификаттары бар болса (PDF форматында);
  • Жеке куәліктің / паспорттың сканерленген көшірмесі (PDF форматында);
  • Жеке зерттеу немесе басылым үлгісі (ең азы 4000 сөз, PDF форматында)
Қажет құжаттардың тізімі gerc@narxoz.kz электрондық поштасы «хабарлама тақырыбы» жолында «2021-2022 жж. стипендиялық бағдарламаға өтінім» деп көрсету  арқылы жіберілуі керек.
ТОЛЫҚ ЕМЕС ӨТІНІМДЕР ҚАРАСТЫРУҒА ЖАТПАЙДЫ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Барлық қосымшаларды енгізгеннің өзінде хабарламалардың жалпы салмағы 25 мегабайттан аспауы тиіс. 

Қажет жағдайда конкурс ұйымдастырушылары өтінім берушіден осы конкурсқа қатысы бар қосымша ақпаратты сұрату құқығына ие. 
Барлық сұрақтар бойынша gerc@narxoz.kz электрондық поштасы «хабарлама тақырыбы» жолында «2021-2022 жж. стипендиялық бағдарлама бойынша кеңес алу» деп көрсету  арқылы жіберу керек.





GERC