Жаңалықтар (Новая страница)

Бағдар беру кездесу

Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) өзінің барлық жазылмандарын қошеметтей отырып, 2022 жылдың 15 ақпанында Қазақстандағы күтім экономикасы жөніндегі жоба аясында 2021-2022 жылдарға арналған стипендиялық бағдарламаның жаңа зерттеушілерімен зерттеу әдістемесін талқылауға бағытталған жұмыс бабындағы/бағдар беру кездесу өткізгендігін қуана хабарлайды.
Кездесуде негізгі баяндамашы ретінде GERC-тің халықаралық сарапшысы – Америка университетінің (Вашингтон КО, АҚШ) «Экономикадағы гендерлік талдау» бағдарламасының бірлескен директоры, профессор Мике Меурс «Қазақстандағы күтім экономикасын түсіну және қолдау» презентациясын ұсынды.
Біз 2021-2022 жылдарға арналған стипендиялық бағдарламаның қатысушылары – Дана Сайлаухановаға, Ғалия Елубаеваға, Анна Крединаға, Айым Қайырғазиноваға сәттілік тілейміз.
Жоба Сорос Қазақстан қорының қаржылық және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылуда. 
GERC