2024 жылғы 8-9 тамызда Гендерлік экономика зерттеу орталығының директоры Майгүл Нұғманова Ханой қаласында (Вьетнам) өткен «Азиядағы гендерлік экономика» атты халықаралық конференцияда және "Азиядағы гендерлік теңсіздікті жою арқылы тұрақты дамуға қол жеткізу" атты дөңгелек үстелде спикер ретінде сөз сөйледі. Іс-шара Гендерлік экономиканы талдау бағдарламасы Program on Gender Analysis in Economics, American University, Washington DC және Foreign Trade University, Ha Noi серіктестерімен ұйымдастырылды.
