Жаңалықтар (Новая страница)

Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының ҮЕҰ мен шәкіртақы алушыларымен кездесуі

2022 жылдың 8 ақпанында «Қазақстандағы күтім экономикасы: күтім жасау мәселелерін ұлттық күн тәртібінің орталығына шығару» жобасы аясында жоба мүшелері мен стипендиаттар арасында күтім саласында жұмыс атқаратын үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты күтім экономикасы бойынша жақсырақ және тиімдірек зерттеулер жүргізу үшін мемлекеттік қолдауды қажет ететін Қазақстандағы күтім мәселесінің қазіргі жағдайы, деректердің олқылығы және күтім жасау проблемаларын талқылау болды.
Кездесуге қатысушыларға Сорос-Қазақстан қорының адвокация жөніндегі кеңесшісі Олег Козырев және жобаның халықаралық сарапшысы Америка университетінің (Вашингтон, КО) экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының бірлескен директоры, профессор Мика Мерс алғы сөздерін жеткізді.
Үкіметтік емес сектор белсенділері – Зәуреш Батталоваға («Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры»), Баян Ахметжановаға («Ардагер»), Әсия Ақановаға («Күміс ғасыр») және Азиза Шөжееваға («Қазақстан Әйелдер күшінің альянсы») кездесуге белсенді қатысқаны және ынтымақтастыққа ашықтығы үшін алғысымызды білдіреміз.. Біздің бірлескен жұмысымыз Қазақстандағы күтім жүйесін жетілдіруге ықпал ететіне кәміл сенеміз.
Жоба Сорос Қазақстан қорының қаржылық және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылуда.
GERC