Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдермен кездесу
2021 жылдың 20 желтоқсаны Нұр-Сұлтан қаласында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының Директоры Майгуль Нугманова мен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия (Комиссия) хатшылығының меңгерушісі, Комиссия хатшысы Сагиндыкова Назгуль Ериковна арасында кездесу өтті. Кездесу барысында әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған зерттеулер нәтижелерін тиімді қолдану және елдегі күтім жасау жүйесін жақсарту контекстіндегі гендерлік зерттеулерді дамыту аясында екіжақты ынтымақтастықтың келешектері талқыланды.