Нархоз университетінің жанындағы Гендерлік экономика зерттеу орталығының (Gender Economics Research Center – GERC) директоры Майгүл Нұғманова Қазақстан Республикасы Үкіметі, Жаһандық экологиялық қоры (GEF) және БҰҰ Даму «Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі мен іргелес аумақтардың теңіз және жағалау ресурстарын интеграциялық басқару» бағдарламасы (UNDP) бірлесіп жүзеге асырып жатқан жоба аясында зерттеулері бойынша сөз сөйледі. Жоба Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және жергілікті халықты қолдауға бағытталған.
«Ұлттық басымдықтарды айқындау жөніндегі ұлттық кеңестер» семинарында Майгүл Нұғманова экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуде гендерлік тәсілдің маңыздылығы туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде мемлекет, қоғам және бизнес күш-жігерін біріктірмей тұрақты дамуға қол жеткізу мүмкін емес екенін атап өтті.
Сондай-ақ, жоба аясында GERC директоры Маңғыстау және Атырау облыстарында далалық зерттеулерге қатысты. Өңірлердегі жұмыс жергілікті халықтың өзекті қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және өмір сүру сапасын жақсарту мен қоршаған ортаны қорғау бойынша тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді.
Ұлттық сарапшы ретінде Майгүл Нұғманова жобада келесі стратегиялық бағыттарды әзірлеуге қатысады:
- экологиялық тұрақтылық және табиғи ресурстарды сақтау;
- жұмыс орындарын құру және жергілікті халықты қолдау;
- шешім қабылдау үдерістеріне гендерлік теңдік қағидаттарын енгізу;
Кешенді тәсілдің арқасында бұл жоба Каспий теңізі экожүйесін қорғауға және өңірдегі өмір сапасын арттыруға үлкен ықпал етеді.