Жаңалықтар (Новая страница)

Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы 2021 жылдың 3 маусым күні «Ақылы және ақысыз жұмысқа / күтім жасау жұмысына пандемияның гендерлі-дифференциалды әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

2021 жылдың 3 маусым күні Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы «Ақылы және ақысыз

жұмысқа / күтім жасау жұмысына пандемияның гендерлі-дифференциалды әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел Қазақстан және Орталық Азиядағы пандемияның әсерінің гендерлік мәселелерін талқылау және бар проблемаларға әсерлі және тиімді шешімдер табу; COVID-19 пандемиясының әйелдер мен ерлерге арналған ақылы және ақысыз еңбекке теріс әлеуметтік-экономикалық әсерін жою бойынша тиімді саясатты ілгерілету үшін үкімет, ғылыми орта, халықаралық және азаматтық қоғам ұйымдарының ынтымақтастығына ықпал ету мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі баяндамашысы GERC халықаралық сарапшысы, Америка Университетінің (Вашингтон, КО, АҚШ) Экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының содиректоры, - профессор Мика Меурс болды. Дөңгелек үстелде сонымен бірге Нархоз Университеті КЕАҚ Президенті - Басқарма төрағасы - Мирас Дауленов, Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрайымы - Аида Айдаркулова; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы - Ляззат Рамазанова; Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты - Смирнова Ирина; БҰҰ Әйелдер Қазақстан бағдарламалары бойынша маман - Дина Амришева; ЕҚҚДБ Қазақстандағы “Шағын бизнеске арналған консультациялар” бағдарламасының менеджері - Алма Касымова; Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының директоры - Майгүл Нұғманова сөз сөйледі. Дискуссияны Ekonomist.kz сараптамалық талқылауға арналған онлайн платформасының негізін қалаушы Қасымхан Қаппаров жүргізді.

Дөңгелек үстел аясында Орталық стипендиаттарының «Қазақстандағы әйелдер мен ерлердің ақылы және ақысыз жұмысына пандемияның әсері», «Бейресми салада жұмыспен қамтылған әйелдерге пандемияның әсері», «Пандемия кезіндегі докторант-аналардың мәселелері: Қазақстан мен Өзбекстан жағдайы» мәселелері бойынша зерттеулер қорытындылары талқыланды.

Дөңгелек үстелге 50-ден астам адам, оның ішінде халықаралық сарапшылар, мемлекеттік

органдар, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Іс-шара Сорос - Қазақстан қорының қолдауымен өткізілді. Шараның серіктесі Қазақстан

Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия болса, Шараның ақпараттық серіктесі Ekonomist.kz болып табылды.

2021-06-11 12:01 GERC