Бірінші онлайн тренингті 2022 жылдың 24 ақпанында «Гендерлік талдау және феминистік экономика» тақырыбында Америка университетінің профессоры (Вашингтон, КО, АҚШ) Мике Меурс өткізді, онда гендерлік теңдіктің елдердің экономикалық дамуы үшін маңыздылығы, феминистік экономика ұғымдары, экономикадағы гендерлік талдау, сонымен қатар зерттеу әдістерінің негізгі сипаттамалары және экономикадағы ақысыз еңбектің маңызы қамтылды. Зерттеу жүргізудің мысалы ретінде профессор Меурс нақты сәтті өткен халықаралық зерттеулер, қолданылатын әдістемелер, пайдаланылған деректер және деректерді/ақпаратты өңдеуге болатын бағдарламалық қамтамасыз ету жайында айтып өтті.
GERC стипендиаттарға арналған екінші тренингті осы жылдың наурыз айының ортасында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
GERC стипендиаттардың тренингтер барысында алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде тиімді жүзеге асыратынына шын жүректен сенеді.