Научные центры

GERC 2020-2021 гендерлік экономика саласында зерттеулер өткізу бойынша шәкіртақы бағдарламасы шеңберінде жаңа шәкіртақы алушылармен алғашқы check-in кездесу өткізді.

2021 жылдың 8 қаңтарында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) 2020-2021 гендерлік экономика саласында зерттеулер өткізу бойынша шәкіртақы бағдарламасы шеңберінде жаңа шәкіртақы алушылармен алғашқы check-in кездесу өткізді. Кездесу барысында GERC зерттеушілері мен қызметкерлі АҚШ-тың халықаралық эксперті – профессор Микa Меурспен зерттеулер саласындағы жаңа хабарлармен, сонымен қатар алдымыздағы 2021 жылға жоспарланған жұмыстардың негізгі бағыттары жайлы идеялармен бөлісті.  Зерттеуші-шәкіртақы алушылар өз зерттеу жұмыстарының сұрақтары, таңдалған тақырыптарының өзектілігі, зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы бойынша презентациялар дайындап, сонымен қатар таңдалған әдістемені жүзеге асыруға қажет деректер/ ақпараттар беріп өтті.  Профессор Микa Меурс келешектегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін өте құнды ақылдар мен түсініктер беріп, әр зерттеуші-шәкіртақы алушымен жеке кездесулер өткізді. Зерттеуші-шәкіртақы алушылармен мұндай check-in кездесулер олардың ілгеріліктері мен аралық нәтижелерін көрсете алулары және профессор Меурстен және өзге де эесперттенрден фидбэк алып турулары үшін үнемі (ай сайын) өткізіліп тұрады.
Жақын арада GERC өз зерттеушілеріне арнап басқа елдерден халықаралық эксперттердің қатысуларымен семинарлар мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.
GERC