Нархоз университеті өңірде алғашқылардың бірі болып Тұрақты даму стратегиясын енгізді, онда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған біздің жергілікті үлесімізді тұтастай қамтитын пайымымыз баяндалған. Нархоз-2030 Тұрақты даму стратегиясы Тұрақты даму комитеті мен Тұрақты Қазақстан зерттеу институтының (SKRI) бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде әзірленді. Стратегиядан қоғамға төрт негізгі бағыт бойынша біздің нені ұсынғымыз келетінін көруге болады: а) кампус мәдениеті; б) білім беру/зерттеу/оқу жоспарлары/ТД мәселелері бойынша транс-дисциплинарлық жұмыс; в) кампус қызметі; г) тұрақты кеңсе.
SKRI институты Нархоз университетінің басшылығымен, қызметкерлерімен және студенттерімен бірлесе отырып, осы пайымды университет ішінде де, Алматы қаласының үлкен қоғамдастығында да жүзеге асыруға барынша көмектесуге тырысады.