English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

Студенттік ғылым

Құрметті достар!
"Студенттік ғылым" парақшасына қош келдіңіздер! Ғылым тірі организмге тән әрдайым өсу, даму үстінде және күннен күнге жаңа білім мен ашылымдарды ұсынады. Біздің міндет - студенттерді ғылым эволюциясына өз үлестерін қосуға тарту.

Мұнда сіздер Нархоз Университеті студенттері қатысатын іс-шаралар мен конкурстар туралы толық ақпараттарды табсыздар. Біз жаңа идеялар мен ұсыныстарға ашықпыз, әрқайсысыларыңыз өз бастамаларыңызбен бөлісіп, Ғылыми зерттеулер бөлімі (ari@narxoz. kz, Саина 81, №3 және №13 каб.) тарапынан әрқашан да қолдау таба аласыздар.

Нархоз студенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысына ие болды!

«Менеджмент және маркетинг» ҒБД 4 курс студенті Анастасия Скопцова Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақы байқауында жеңіске жетті!

2020 жылдың 25 мамыры мен 5 қыркүйегі аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттердің шәкіртақы байқауын өткізді, оған елдің түкпір-түкпірінен студенттердің өтініштері қабылданды.

Іріктеудің негізгі критерийлері:

- кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтау;

-академиялық үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштері бар;

-оқу орнының, қаланың және республиканың қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысу.

Анастасияға оқу мен мансапта сәттілік тілеп, құттықтаймыз!


Анастасиясың ғылыми жетекшісі- "Менеджмент және маркетинг" ҒБД-нің Қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к. Жанар Дюсембекова


Құрметті достар,

Ғылыми зерттеулер бөлімі 2021 жылдың 11 наурызында өтетін Narxoz Student Research-2021 конференциясына арналған ғылыми мақалалардың қабылдауын жариялайды. Нархоз Университетінің бүкіл бөлімдерінің бакалавриат пен магистратура студенттерін қатысуға шақырамыз.

Тематикалық бағыттар:
  • Қаржы және экономика
  • Кәсіпкерлік пен менеджмент
  • Құқық пен мемлекеттік басқару
  • Политология және социология
  • Тұрақты даму және экология
Рәсімдеу талаптары:
.Doc, .docx форматындағы мақала мәтіні (макс. 2000 сөз)
Үш тілдегі аңдатпа (150 сөзден аспайтын)
Қолданылған әдебиет тізімі (APA стиліндегі кем дегенде 10 сілтеме)
Өзіңіз жайлы ақпарат (аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны)
Шрифт: Times New Roman, өлшемі- 12, интервал- 1,5.

Мақалалардың қабылдауы 2021 жылдың 12 ақпанға (осы күнмен қоса) дейін жалғасады. Мақалалар diana.baidollinova@narxoz.kz электронды поштасына «Narxoz Student Conference 2021» деген атпен жіберілуі керек.

Барлық жұмыстар анонимді шолу мен плагиатқа тексеруден өтеді. Шығармалар рецензенттің оң бағасын алғаннан кейін жариялауға рұқсат етіледі.


Нархоз Университеті сіздерді "Central Asian Economic Review" журналының арнайы шығарылымында жариялануға шақырады.

Нөмір креативті экономика мәселелеріне арналады.

Мақалаларды тапсыру мерзімі 2020 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылды.

Электронды кітапхана. КОКСОН ұсынған мәліметтер базасында индекстеледі.
Журнал сайтында мақалаларды рәсімдеу ережелері мен үлгілері: https://narxoz.kz/research/caer/
Сұрақтарыңыз бойынша жауап беруге қуанышты боламыз:
- техникалық мәселелер бойынша: Нұрахмет Әйтенов, Тел.: +7 727 377 12 78, e-mail: caer@narxoz.kz
- ұйымдастыру сұрақтары бойынша: Динара жақсынбек, Тел.: +7 775 384 4456 , e-mail: dinara.zhaxynbek@narxoz.kz



Қорғасынсыз апта

Нархоз Университетінің студенттері 25-31 қазан аралығында ДДҰ және қорғасын бояуын жою жөніндегі әлемдік альянс (GAELP) ұйымдастырған қорғасыннан уланудың алдын алу жолдарына арналған аптада қатысты.

26 қазанда «Greenwomen» Аналитикалық Экологиялық Агенттігі мен IPEN Үйлестіру Орталығының көмегімен Университеттің«Экология» ББ 2, 3 және 4 курстарының студенттеріне арналған «Бояулар мен лактардағы қорғасын: адам денсаулығы және тұрақты даму үшін» вебинары ұйымдастырылды. Іс-шараға сонымен қатар Ресейдің мемлекеттік органдарының, өнеркәсіптің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылары қатысты.

Олар қорғасынсыз бояуды өндіруге және қолдануға көшудің маңыздылығын, Еуразиялық экономикалық одақтың «Бояулар мен лактардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерін әзірлеудің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ оны ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің жүзеге асыруын талқылады.


Ғылыми-зерттеу бөлімі студенттік ғылымды дамыту бағдарламасының барысында Ғылыми студенттер қоғамы мен Студенттік ғылым клубына арналған алғашқы вебинарлар циклын аятағаның хабарлайды. Бұл жиынның алғашқы спикерлері: Айгерим Раимжанова (PhD, Оқу ісі жөніндегі проректордың орынбасары) және Андрей Шенин (PhD, Ғылыми зерттеу бөлімінің бастығы). Олар жас ғалымдарға әдеби шолуды жазудың әдістері мен әдебиеттерді оңай іздеудін жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, вебинардың нәтижесі ретінде студенттер ғылыми мақала жазып, үздік мақалалар «Қазіргі әлемдегі ғылым және білім: ХХІ ғасырдың шақырулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларының VІI жинағына жариялау үшін іріктелді. Келесі жеңімпаздарды құттықтаймыз: АйшаОнбаева, Кристина Рябова, АзельЖуман, Дария Похорукова, Диляра Самарбекова и Виктория Мергенкулова.



Қыркүйек айында Student Research Club "Ғылым: қызықты, оңай, тиімді" атты ең алғашқы іс-шарасы Ғылыми-зерттеу бөлімі мен Студенттер жөніндегі деканаттың қолдауымен өтті. Ғылымның беретін мүмкіндіктері мен пайдасы жайлы ақпарат алу үшін онлайн және оффлайн форматында 30-дан аса қатысушылар жиналды. Ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы Андрей Шенин және халықаралық конференциялардың қатысушысы Хегай Алина қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер ғылыммен айналысудың басты артықшылықтары, қаржыландыру мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, жас ғалымдарға мақалаларды жазу бойынша кеңестер берді. Іс-шара барысында барлық қатысушылар арасында Нархоз Университетінің брендті сыйлықтары ойнатылды. Клуб отырыстары жүйелі түрде онлайн-форматта немесе барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып оффлайн форматта өткізіледі.


«Докторантура» оқу бөлімі ғылыми семинарлар сериясын бастайды

Жаңа оқу жылында «Докторантура» »оқу бөлімі ай сайынғы ғылыми семинарлар сериясын бастады, онда докторанттар зерттеу жоспарларын, аралық нәтижелерін ұсынады, сонымен қатар профессорлар мен сарапшылардан кері байланыс пен ескертулер алады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген докторанттар үшін семинарлар қол жетімді және ғылыми зерттеулер жүргізу мен докторлық диссертацияны орындау бойынша тәжірибе алмасудың пікірталас алаңына айналуға арналған.

25 қыркүйектегі алғашқы семинарда Қазақстандағы гендерлік саясатты дамыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқан «Мемлекеттік басқару»білім беру бағдарламасы докторанттары Әйгерім Қүсайыннқызы мен Гаухар Кенжеғұлова сөз сөйледі. Гаухар өз жұмысы аясында ерікті әйелдерді Қазақстандағы паллиативті көмек институтын дамыту мен қалыптастыруға тарту мәселелерін зерттесе, Әйгерімнің жұмысы әйелдерді экономиканың инновациялық салаларына тартудың мемлекеттік бағдарламаларын талдауға бағытталған.

Семинарға докторанттар, ғылыми кеңесшілер, «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының оқытушылары, сондай-ақ Нархоз университетінің ғылыми бөлімінің басшылары қатысты.



Сіздерге 2020 жылы 28 мамырда өткен "Narxoz Student Research 2020" жалпыуниверситеттік студенттер ғылыми конференциясы материалдарының жинағымен таныстыруға қуаныштымыз!

Студенттерді жұмыстарының жариялануымен құттықтаймыз!

Ғылыми жетекшілерге ерекше алғысымызды білдіреміз.