English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.



ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) және Нархоз

2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, соның ішінде мемлекет және үкімет басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты дамудың 17 мақсатының тізімін қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму аясындағы күн тәртібін қабылдады.



Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) атқару бойынша өзіне міндеттемелер алған мемлекет ретінде барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеуде және ғаламдық мақсаттарға табысты түрде қол жеткізу үшін өз үлесін қосуға дайын.



Нархоз университеті тұрақты дамуға басымдық береді және өз қызметінің негізгі бағыттарымен, негізгі қағидаттары мен құндылықтарымен ТДМ синергиясында жүзеге асыруды қолдайды.