Нархоз Университеті, Алматы, Қазақстан
“Нархоз университеті” КЕАҚ Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясымен, Австрияның Қазақстандағы Елшілігімен және Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен әріптестікте Сізге өз құрметін білдіріп, Сізді немесе Министрліктің таңдалған өкілін 'Solve Climate by 2030" онлайн-іс-шараға спикер ретінде қатысуға шақырады. Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Тараптар Конференциясының 26-сессиясына ұлттық дайындыққа қатысты академиялық топтар, студенттер, азаматтық қоғам және Қазақстан Үкіметі арасындағы диалогқа жәрдемдесуге арналған. Біздің бірлескен іс-шарамыз 22 сәуірде (Жер күні) сағат 9:30-дан 11:35-ке дейін өтеді.
22.04
Solve Climate
by 2030
Іс-шара "Solve Climate by 2030" жаһандық бастамасы және Еуропалық Одақтың #EU4GreenKZ климаттық науқаны аясында өткізіледі. "Solve Climate by 2030" болашақ үшін өте маңызды нәрсені талқылау үшін 50 елдегі жүзден астам іс-шараларды қамтиды: халықаралық, ұлттық және жергілікті іс-шараларға негізделген өршіл “жасыл” қалпына келтіру бізді 2030 жылға қарай климаттың өзгеруіне қарсы тұру жолына қалай қоя алады. #EU4GreenKZ науқаны ЕО мен мүше мемлекеттердің Қазақстанмен қоршаған орта және Жасыл экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ, Тараптар Конференциясының 26-сессиясына алдындағы екі тараптың ұстанымдарын үйлестіруді қоса алғанда, климаттың өзгеру проблемасын шешуде елді қолдауға бағытталған.

2020 жылы Нархоз университеті Нархоз-2030 тұрақты даму стратегиясын қабылдады. Бұл стратегиясында 2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму саласындағы күн тәртібін ілгерілету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мен білім саласына басым мән беру үшін мақсаттар мен міндеттердің толық тізбесі баяндалған. Сондай-ақ, Нархоз университетінің Тұрақты Қазақстан ғылыми-зерттеу институттың миссиясы қолданбалы зерттеулер арқылы тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды қолдауға Қазақстанға көмек көрсету болып табылады. Нархоз университеті БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру көрсеткіштері бойынша әлемнің 400 үздік университеттерінің қатарына кірді. Нәтижесінде Қазақстанның климаттың өзгеруі саласындағы саясатқа бейілділігін талқылау, Тараптар Конференциясының 26-сессиясына дайындық шеңберінде және одан әрі пікір және идеялармен алмасу үшін осы іс-шараны серіктестерімізбен ынтымақтастықта өткізу біз үшін үлкен мәртебе.

Сіздің қатысуы біз үшін үлкен маңызға ие болар еді. Іс-шараға қатысушылар мен баяндамашылар ретінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарының, елшіліктері мен жетекші университеттерінің өкілдері шақырылады.
"КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ ДИАЛОГ"
"КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ШЕШІМДЕР" АТТЫ ВЕБИНАР