Статистика

Цифрлық технологиялар мектебі
900000,00
тг.

Бакалавриат "Статистика"

Бұл бағдарлама мемлекеттік, соның ішінде, статистика мекемелерінде статистикалық есеп пен талдау әдіснамасымен жұмыс істеуді көздейтін студенттерге арналған. Статистик сақтандыру, демография, әлеуметтік жұмыс, сапаны басқару, фармацевтикалық зерттеулер, нарықты зерттеу секілді салалардағы деректерді жинап және өңдеп қоймай, экономикалық процесстерді талдау және модельдеумен айналысады. Олар деректерді талдау әдістері мен модельдерді алынған деректерді бағалауда қолданады.
Бұл бағдарламаның түлектері әртүрлі экономикалық қызметтерде экономист маман ретінде, соның ішінде, мемлекеттік және ведомстволық статистика мекемелерінде, статистикалық қызметтерде, жергілікті билік органдарында, ғылыми ұйымдарда және әр түрлі әлеуметтік қызметтерде экономист-статистик болып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қызметтерге орналасады.
Олар әлеуметтік-экономикалық, саяси құбылыстарға және кәсіпорындар мен ел деңгейіндегі процестерге статистикалық және ішінара зерттеу жүргізуге; талдау жұмыстары үшін статистикалық есеп-қисапты (мемлекеттік және ведомстволық) жасауда, әзірлеуде және бақылауда өз үлестерін тигізе алады.










Пәндер комбинациясы: математика+физика

Оқыту тілі: Қазақша, орысша

Оқыту мерзімі: 4 жыл

Оқыту формасы:: күндізгі

Другие программы