Әлеуметтану

Құқық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
900000,00
тг.
Бакалавриат "Әлеуметтану"

"Қала әлеуметтануы" және "Cандық Tехнологиялар Әлеуметтануы" мамандандыруымен "Әлеуметтану" білім беру бағдарламасы урбанистика және digital әлеуметтану саласында мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарламаның өзекті курстары, практикалық әлеуметтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі мол мамандар және студенттерді қалалық, республикалық жобаларға міндетті түрде тарту, ағылшын тілін кәсіби деңгейге дейін жетілдіру мүмкіндіктері – нархоз қабырғасында осы мамандықтың басты айырмашылықтары мен артықшылықтары бар. Бағдарламаның икемділігі және қолданбалы әлеуметтік зерттеулер жүргізу дағдыларын дамытуға назар аудару түлектерге өзінің кәсіби қалыптасуымен шектелмеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері маркетингтік, саяси қолданбалы зерттеулерді табысты ұйымдастырып, жүзеге асыра алады.












Пәндер комбинациясы: математика+география

Оқыту тілі: Қазақша, орысша

Оқыту мерзімі: 4 жыл

Оқыту формасы:: күндізгі

Другие программы