МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарына Оқуға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес ЖОО мен ғылыми ұйымдардың магистратурасына, докторантурасына, резидентурасына оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖОО мен ғылыми ұйымдардың Қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Маңызды күндер:
Өтініштерді қабылдау мерзімі
Жазғы қабылдау: күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде;
Қысқы қабылдау: күнтізбелік жылдың 1 қарашасынан 18 қарашасына дейін
Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі.
Кешенді тест өткізу мерзімі
Жазғы қабылдау: 20 шілдеден 10 тамызға дейін.
Қысқы қабылдау: 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.
Білім беру грантын беруге арналған Конкурс
Жазғы қабылдау: 11-15 тамыз аралығында.
Қысқы қабылдау: 11 желтоқсаннан 14 желтоқсанға дейін.
Есепке алу мерзімдері:
Жазғы қабылдау: 10-28 тамыз аралығында.
Қысқы қабылдау: 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

Жазғы қабылдау кезінде нәтижелері жойылған тұлғалар
күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында өткізілетін КТ-ға жіберіледі.

Бұл ретте, күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында өткізілген кешенді тестілеу нәтижесі бар адамдар қысқы қабылдауға қабылданады.
Өту баллы:
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратура (100 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-2 САҒАТ 40 МИНУТ
кемінде 50 балл, оның ішінде:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Ақылы негізге түсу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратура (100 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-2 САҒАТ 40 МИНУТ
кемінде 50 балл, оның ішінде:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратура (150 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-3 САҒАТ 55 МИНУТ
кемінде 75 балл, оның ішінде:
шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Ақылы негізге түсу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратура (150 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-3 САҒАТ 55 МИНУТ
кемінде 75 балл, оның ішінде:
шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Кешенді тестілеудің өту форматы:
Қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- ағылшын тілі бойынша тест (ағылшын, француз, неміс тілдері таңдау бойынша);
- бейіндік білім бағдарламаларының тобы бойынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша немесе орысша тест
Ағылшын тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- бейіндік білім бағдарламалары тобы бойынша ағылшынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша, орысша немесе ағылшынша тест (таңдау бойынша)
Нархоз Университеті бағдарламалары бойынша қазақ немесе орыс тілді магистратураның кешенді тестілеу пәндері:
Магистратураға оқуға тапсыратын құжаттар тізімі:
  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжат;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. ұлдарға арналған тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  5. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  6. 075/у нысанындағы медициналық анықтама + флюорография суреті;
  7. шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
  9. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).
Магистратураға түсуші өтініште білім бағдарламаларының тобын немесе үш ЖЖББ көрсетеді.
Қабылдау комиссиясының байланыс деректері
+7 (727) 377 11 11
+7 (747) 364 88 99
admission@narxoz.kz