Білім беру бағдарламасын таңдаңыз

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарына Оқуға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес ЖОО мен ғылыми ұйымдардың магистратурасына, докторантурасына, резидентурасына оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖОО мен ғылыми ұйымдардың Қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Маңызды күндер:
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
Жазғы қабылдау: күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 8 шілдесі аралғында жүргізіледі
(https://app.testcenter.kz/auth/registration).
Қысқы қабылдау: күнтізбелік жылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
Кешенді тестілеу келесі мерзімдерде.

Кешенді тест өткізу мерзімі:
Жазғы қабылдау: күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында жүргізіледі.
Қысқы қабылдау: күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:
Жазғы қабылдау: күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін.
Қысқы қабылдау: күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

КТ-ға қатысу құны 14693 теңгені құрайды.
Назар аударыңыз!

Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiне, тиiстi салалардағы мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiне сәйкес басшы лауазымда кемiнде бес жыл немесе тиiстi бейiн бойынша кемiнде он жыл өтiлi бар тұлғалар. Мамандандырылған магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қабылдау комиссиялары жүргізген әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

Өту баллы:
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратура (70 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-1 САҒАТ 40 МИНУТ
кемінде 30 балл, оның ішінде:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл
Ақылы негізге түсу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратура (70 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-1 САҒАТ 40 МИНУТ
кемінде 30 балл, оның ішінде:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратура (150 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-3 САҒАТ 55 МИНУТ
кемінде 75 балл, оның ішінде:
шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Ақылы негізге түсу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратура (150 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-3 САҒАТ 55 МИНУТ
кемінде 75 балл, оның ішінде:
шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Кешенді тестілеудің өту форматы:
Қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- ағылшын тілі бойынша тест (ағылшын, француз, неміс тілдері таңдау бойынша);
- бейіндік білім бағдарламаларының тобы бойынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша немесе орысша тест
Ағылшын тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- бейіндік білім бағдарламалары тобы бойынша ағылшынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша, орысша немесе ағылшынша тест (таңдау бойынша)
Нархоз Университеті бағдарламалары бойынша қазақ немесе орыс тілді магистратураның кешенді тестілеу пәндері:
Магистратураға оқуға тапсыратын құжаттар тізімі:
  • белгіленген нысандағы өтініш;
  • жоғары білім туралы құжат;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ұлдарға арналған тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  • 075/у нысанындағы медициналық анықтама + флюорография суреті;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).
  • шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
ағылшын тілі:
IELTS шекті балл - кемінде 6,0;
TOEFL IBT шекті балл - кемінде 60;
неміс тілі:
Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH,
Niveau C1 / C1 деңгейі)
TestDaF-Prufung(NiveauC1 / C1 деңгейі);
француз тілі:
TFI (Test de Franzais international™) – деңгейден төмен емес
Оқу және тыңдау секциялары бойынша В1
DELF (Diplome d’Etudes en Langue
franzaise) - B2 деңгейі
DALF (diplome Approfondi de langue franzaise) –
C1 деңгейі
TCF (test de connaissance du franzais) - кемінде 50 ұпай (ішінде
болған жағдайда);
Магистратураға түсуші өтініште білім бағдарламаларының тобын немесе үш ЖЖББ көрсетеді.
Қабылдау комиссиясының байланыс деректері
+7 (727) 377 11 11
+7 (747) 364 88 99
admission@narxoz.kz