Мансапты дамыту және түлектермен байланыс орталығы
Оқу орнының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жұмыс сапасы мен деңгейі, ең алдымен, түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысымен, олардың бәсекеге қабілеттілігімен, кәсіби мансабының табыстылығымен анықталады.
Түлектердің еңбек нарығына бейімделуі және олардың жұмысқа барынша табысты орналасуы біз үшін заманауи сапалы білім берумен бірдей маңызды басым мақсат болып табылады. Сол себепті біз Мансапты дамыту және түлектермен байланыс бөлімін дамытуға ерекше назар аударамыз.
Жұмысының негізгі бағыттары
Жұмысқа орналасуы
Студенттер мен университет түлектеріне жұмысқа орналасуға және мансапты дамытуға көмек көрсету
Жәрдемдесуі
Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың оқу, өндірістік, диплом алдындағы және зерттеу практикасын ұйымдастыруға жәрдемдесу
Серіктестік
Студенттер мен Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы арасында серіктестік орнату, жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдер өткізу, Нархоз университетінің түлектері арасында кәсіпкерлікті ынталандыру
Ұйымдастыруы
Білім алушыларға арналған мастер-класстар, дәрістер, онлайн вебинарлар ұйымдастыру
Оқуды дамытуы
Оқытудағы құзыреттілік тәсілді дамыту
Аналитикалық зерттеу
Еңбек нарығын, үрдістер мен трендтерді, жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін аналитикалық зерттеу