Білім беру бағдарламаларының тізімі
Қос дипломды бағдарламалар
Шетелдік және резидент емес
Экономика және менеджмент мектебi
Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
Цифрлық технологиялар мектебі
Студенттерге
Құрметті студент! Төменде жеңілдік алуға арналған өтініш формасына сілтеме көрсетілген.
Өтініш! Нұсқаулықты мұқият оқып алыңыз, мұқият!
0-Қадам. Сайттағы жеңілдіктер туралы ақпаратпен танысып алыңыз:
1 - Қадам. Келесі құжаттардың электрондық нұсқасын дайындаңыз:
- жеке куәлік көшірмесі - екі жақ бетінен де көшірме жасау керек (барлығы үшін)
- аттестат немесе колледж бітіргені туралы диплом (БИЛ, Нұрорда, НЗМ, РФММ оқу
мекемелерін 2021 жылы бітірген түлектер үшін және әр жылдары бітірген колледж түлектері
үшін);
- certificate.testcenter.kz сайтынан ҰБТ сертификатыңызды жүктеп алыңыз (ҰБТ бойынша жеңілдік алушылар үшін)
- төмендегі басқа да құжаттардың электрондық нұсқаларын қосыңыз (басқа категориядағы
адамдар үшін):
2-Қадам. Сауалнаманы толтырып, жіберу батырмасын басыңыз.
Форманы толтырып болған соң, оны дұрыс толтырғаныңызды растайтын қаржылық қолдау
көрсету менеджерінің парақшасы ашылуы тиіс. Егер ондай парақша ашылмаса, форманы қайта
толтырыңыз.
30 қыркүйекте өтінішіңіз қарастырылып жатқаны жөнінде поштаңызға хабарлама келеді. Егер
құжаттар дұрыс толтырылмаған болса, иә болмаса өтірік болып шықса, комиссия сіздің
өтінішіңізді қарастырмауға құқылы.
Барлық жеңілдіктер ұзарту мүмкіндігімен тек қана бір семестрге беріледі. Ұзарту шарттары сіздің
орташа GPA балыңызға байланысты болады. GPA КӨРСЕТКІШІН ҚАЖЕТТІ ДЕҢГЕЙДЕ САҚТАҢЫЗ, сол
кезде жеңілдік автоматты түрде ұзартылып отырады.
Студент жеңілдігінен айырылып қалса, иә болмаса басқа оқу орнына ауысса,
оқудан шығып қалса, жеңілдікке берілген соманы қайтару талап етілмейді.
"Орны босаған" жеңілдікке өтініш беруге болмайды, өйткені ол әр адамға жеке беріледі.