Жеңілдік алуға арналған өтініш

Құрметті студент! Төменде жеңілдік алуға арналған өтініш формасына сілтеме көрсетілген.

Өтініш! Нұсқаулықты мұқият оқып алыңыз, мұқият!

1 - Қадам. Келесі құжаттардың электрондық нұсқасын дайындаңыз:


- жеке куәлік көшірмесі - екі жақ бетінен де көшірме жасау керек (барлығы үшін)

- транскрипт (барлық оқу кезеңі) (барлығы үшін)

- төмендегі басқа да құжаттардың электрондық нұсқаларын қосыңыз (сіздің категорияға үшін):

  • ата-аналарының қайтыс болғанын растайтын куәлік; қамқоршылық/қорғаншылық және/немесе ата-аналық құқықтан айырғаны жөніндегі құзыретті органдардың шешімінің көшірмесі (болған жағдайда);
  • студентке, бір немесе екі ата-анасына мүгедектік беру туралы дәрігерлік-кеңес беруші комиссияның анықтамасы ; ( 1 және 2 топтар, бала кезден берілген мүгедектік)
  • білім алушының және университетте/еншілес ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкердің туыстық/ерлік-зайыптылық қатынастарын растайтын құжат көшірмесі;
  • университетте/еншілес ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкердің осы ұйымдағы жұмыс істеу мерзімі көрсетілген, жұмыс орнын растайтын анықтама; (Жақын туыстары деп мына адамдар есептеледі: ата-анасы, балалар, асырап алушылар, асырауға алынғандар, толық әрі жартылай туған бауырлар, атасы, әжесі, немересі)

2-Қадам. Сауалнаманы толтырып, жіберу батырмасын басыңыз.


Форманы толтырып болған соң, оны дұрыс толтырғаныңызды растайтын қаржылық қолдау

көрсету менеджерінің парақшасы ашылуы тиіс. Егер ондай парақша ашылмаса, форманы қайта

толтырыңыз.


30 қыркүйекте өтінішіңіз қарастырылып жатқаны жөнінде поштаңызға хабарлама келеді. Егер

құжаттар дұрыс толтырылмаған болса, иә болмаса өтірік болып шықса, комиссия сіздің

өтінішіңізді қарастырмауға құқылы.

Бірден бірнеше жеңілдік алуға болмайды. Ең көбі ғана беріледі.
! Бірнеше өтініш берудің қажеті жоқ. Сіз бір өтініште бірнеше категорияны көрсете аласыз.

Барлық жеңілдіктер ұзарту мүмкіндігімен тек қана бір семестрге беріледі. Ұзарту шарттары сіздің

орташа GPA балыңызға байланысты болады. GPA КӨРСЕТКІШІН ҚАЖЕТТІ ДЕҢГЕЙДЕ САҚТАҢЫЗ, сол

кезде жеңілдік автоматты түрде ұзартылып отырады.

Жеңілдіктен бір айырылған соң, оны қайта қайтару мүмкін емес.