Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

  • Бағдарлама жайлы  

    Тез шешім қабылдауға қабілетті және қонақ үй немесе мейрамхана ашқысы келетін белсенді, көпшіл адамдар үшін. Бағдарлама қонақжайлылық саласының іскерлік аспектілеріне назар аударады және әртүрлі тақырыптарды қамтиды: қаржы мен маркетингтен бастап аспаздық теория мен қонақ үй бизнесіне дейін. Студенттердің негізгі сабақтарынан басқа, танымал практиктер мен менеджерлердің қонақ дәрістері, 5* қонақ үйлерде, мейрамханалар мен кафелерде тағылымдамалар ұйымдастырылады. Біз саланың құрылымы мен жұмыс істеуін терең түсінуге, сондай-ақ халықаралық сапа деңгейіне бағдарланған қызмет көрсету стандарттарына ерекше назар аударамыз

Сізді күтеді:
  • туризм және қонақжайлылық нарығының танымал практиктері мен топ-менеджерлерінің дәрістері мен мастер класстары
  • бейіндік пәндер бойынша кредиттерді қайта тапсыру мүмкіндігімен 5* Rixos Borovoe және The Ritz Carlton (Нұр сұлтан) қонақ үйлері базасындағы "Қонақ үй бизнесі" дуалды бағдарламасы
  • 5* қонақ үйлерде, мейрамханаларда және кафелерде халықаралық тағылымдамалар мен практикалар
  • бәсекеге қабілеттілік пен жақсы жұмысқа орналасуға арналған дипломға қосымша сертификаттар
Оқуды аяқтағаннан кейін сіз
  • табысты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпорын құру үшін қонақжайлылық нарығына, сондай-ақ бизнес үдерістерге талдау жүргізе аласыз
  • сапалы өнімді/қызметті және қонақжайлылық саласының қызметтер ассортиментін әзірлей аласыз
  • халықаралық стандарттар негізінде қонақ үй/мейрамхананың барлық қызметтері бойынша сапалы қызмет көрсету үдерістерін басқара аласыз
  • жеке кәсіпорын/бизнес аша аласыз
  • ұйымшыл команданы қалыптастыруға бағытталған корпоративтік мәдениетті қалыптастыра отырып, өз кәсіпорныңыздың персоналын басқаруды жүзеге асыра аласыз
Сіз қайда жұмыс істей аласыз
  • қонақ үй бизнесінде: отель, қонақ үй, хостел, турбаза, курорт, демалыс үйлері, жағажай курорттық аймақтарында
  • мейрамхана бизнесінде: HORECA саласында, мейрамхана, кафе, бар, кофехана, фудкорт, мейрамхана бизнесі үшін жабдықтар жеткізу кәсіпорындарда және т. б.
  • - кәсіпкер болу және жеке бизнес ашу: қонақ үй, хостел, кофехана және т. б.

"Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" білім беру бағдарламасы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы құрастырған білім беру бағдарламаларының рейтингінде 9-дан 3-орын алды.

Оқу жоспары бойынша ақпарат
Мектептің негізгі пәндері
  • Бизнеске арналған сандық әдістер
  • Басқару экономикасы
  • Қаржылық есепке кіріспе
  • Шешім қабылдау есебі
  • Қаржы негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Лидерлік дағдыларын коммуникациясы
  • Ұйымдастырушылық мінез-құлықК
  • Корпоративтік басқару және құқық
  • Перспективалық зерттеулер және болжау
Мамандықтың негізгі пәндері
  • Туризм және қонақжайлылық индустриясына кіріспе
  • Туризм және қонақжайлылық ұйымдарын басқару
  • Қызметтерді басқару және сапаны құру
  • Туризм мен қонақжайлылықтағы тұтынушылардың мінез-құлқы
Мамандықтың таңдау пәндері
  • Кірістерді басқару, бақылау және жоспарлау
  • Туризм мен қонақжайлылықтағы реттеу және қауіпсіздік
  • Мәдени мұра және мәдениетаралық менеджмент
  • Қонақжайлылықтағы сандық технологиялар мен инновациялар
  • MICE және event менеджменті
  • Туризм және қонақжайлылық экономикасы
  • Өнімдерді сатып алу және сапасын басқару
  • Гастрономия және тағам дизайны
  • Гастрономиялық туризм
  • Қонақжайлылық кәсіпорындарын жоспарлау, дамыту және жобалау
Тағылымдама және дипломдық жұмыс

Үшінші және төртінші курс студенттері алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі

компанияларда, сондай-ақ дипломдық жобада үш бағыттың бірі бойынша қолдана

алады:

  1. Жергілікті стартаптарға немесе ұйымдарға арналған консалтингтік жоба
  2. Нархоз университеті профессорларының басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысы
  3. Кейс немесе шығармашылық стартапты құру бойынша жұмыс