Психологиялық кеңес беру

Психологиялық кеңес беру

  • «Іскерлік қызмет психологиясы» мамандандыруымен «Психологиялық кеңес беру» білім беру бағдарламасы психологиялық диагностиканың, түзетудің заманауи әдістерін меңгерген, сонымен қатар, классикалық және заманауи психологияны терең білетін жетекші мамандарды даярлаумен айналысады. Еңбек нарығы мамандарының болжамдары бизнес психологиясынан отбасылық психологияға дейін әр түрлі мамандандырулары бар психология саласындағы мамандарға үлкен сұранысты көрсетеді. Нархоз университетінде «Психология» бағдарламасы бойынша оқыту нәтижесіне байланысты

    ұйымдастырушылық психологияның сұранысқа ие, жұмысқа орналасуға қабілетті, жергілікті жоғары оқу орындары мен жақын және алыс шетелдің жоғары оқу орындарына түсу кезінде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарын қалыптастыру басты назарға қойылады.

Курстарға шолу:

  • Жалпы психология
  • Тұлға психологиясы
  • Іскерлік қарым-қатынас психологиясы
  • Психодиагностика
  • Әлеуметтік психология
  • Еңбек психологиясы
  • ПК ББ түлектері мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:
  • Психолог, психолог-кеңесші
  • Персоналды басқару саласындағы Психолог, хедхантер
  • Бизнес-жаттықтырушы, жаттықтырушы-менеджер, тәлімгер, коуч
Академиялық болашағы:
  • Психология, Әлеуметтік жұмыс, Экономика, Мемлекеттік басқару және т. б. мамандықтары бойынша магистратурада оқуды жалғастыру.
Кәсіби мүмкіндіктер:
  • Мемлекеттік әлеуметтік қорғау және басқару органдарында жұмыс істеу;
  • ЮСАИД, ЮНИСЕФ, БҰҰ халықаралық ұйымдарының филиалдарында;
  • Мектептерде, колледждерде;
  • Жергілікті ҮЕҰ;
  • Коммерциялық ұйымдарда, HR бөлімінде;
  • Психологиялық қызмет көрсететін жеке секторда жұмыс жасауға мүмкіндік бар.