Экология (ҒПМ)

Бағдарламаның мақсаты
"Экология" магистратура бағдарламасы – ғылыми-педагогикалық магистратура (оқу мерзімі -2 жыл), "жаратылыстану ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежесі беріледі.

  • Бағдарламаның мақсаты: экологиялық проблемалардың стандартты емес шешімдерін таба алатын, табиғи ресурстарды тиімді басқара алатын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ете алатын кең бейінді экологтарды, кешенді өнеркәсіптік қауіпсіздік аудиторларын, сарапшы экологтарды, зерттеуші экологтарды даярлау
Пәндер тізімі:
Экологиядағы сараптамалық қызмет
* Тұрақты даму
* Қала экологиясы
* Өнеркәсіптік кәсіпорындарды экологияландыру
* Денсаулықты қорғаудың экологиялық аспектілері
* Агробиотехнология
* Жаһандық экодинамика
* Қазақстанда жаңартылатын энергияны дамыту
* Қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістемесі
* Топырақтану және фито-зооремедиация
* Экожобаларды басқару
* Табиғи ресурстар экономикасы

"Экология" магистратура бағдарламасы – бейіндік магистратура (оқу мерзімі: 1,5 жыл ), "жаратылыстану магистрі" академиялық дәрежесі беріледі.

Пәндер тізімі:
Экологиядағы сараптамалық қызмет
* Тұрақты даму
* Қала экологиясы
* Өнеркәсіптік кәсіпорындарды экологияландыру
* Денсаулықты қорғаудың экологиялық аспектілері
* Агробиотехнология
* Жаһандық экодинамика
* Экологиялық климатология
* Қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістемесі
* Қалдықтармен жұмыс істеудегі Экоменеджмент
Экология мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:
  • қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша сарапшы-эколог,
  • жобаларды талдау және бағалау, кәсіпорындарды паспорттау бойынша сарапшы-эколог,
  • экологиялық аудит және сараптама жүргізу жөніндегі маман,
  • экологиялық бөлімшенің бастығы,
  • аумақтарды кешенді экологиялық бағалау жөніндегі сарапшы
  • эксперименттік, экспедициялық-далалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі маман
  • экология саласындағы ғылыми нәтижелерді статистикалық-математикалық өңдеуді жүргізу бойынша маман
  • мемлекеттік, жеке және халықаралық қорлардың тендерлеріне қатысу үшін ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша маман
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындарының оқытушысы
Қосымша ақпарат алу үшін "Экология" магистратура бағдарламасы бойынша үйлестірушісіне, қауымдастырылған профессорға хабарласуыңызды сұраймыз
Молдағазиева Ж. Ы.: zhanar.moldagazieva@narxoz.kz