Психологиялық кеңес беру

Бағдарламаның мақсаты:

  • Ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық білімнің жеткілікті көлемін меңгерген, жеке және топтық психологиялық кеңес беру, ұйымдастыру психологиясы және кәсіби қызмет саласында кәсіби құзыреттіліктері, сараптамалық және зерттеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.


    Оқыту тілдері: қазақ, орыс

    Оқу мерзімі: 2 жыл

    Оқыту нысаны: күндізгі

Оқытудың негізгі нәтижелері:

Психологиялық кеңес берудің қазіргі парадигмасы контекстінде

философиялық, психологиялық-педагогикалық ғылымның концептуалды

ережелерін меңгереді.

Психологиялық көмек көрсету мақсатында жеке тұлғаның, түрлі

әлеуметтік топтардың, ұйым және бизнес субъектілері өкілдерінің

психологиялық диагностикасын жүзеге асырады.

Заманауи психологиялық ғылым мен практиканың жетістіктерін талдау

негізінде ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру арқылы зерттеудің

(теориялық, эмпирикалық) бағдарламасы мен әдістемелік қолдауын дербес

әзірлейді.

Кәсіби мәселелерді шешу үшін пәнаралық сипаттағы ғылыми білімді,

психологиялық кеңес беру теориясы мен практикасын біріктіреді.

Адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша кәсіби қызмет саласында

психологиялық тренингтер өткізеді.

Әртүрлі әлеуметтік топтардың психикалық құбылыстарын түзету

мақсатында психотерапиялық технологияларды қолдана отырып,

психологиялық көмек көрсету нәтижелеріне сараптама және бағалау жүргізеді.

Пәндер тізімі

Базалық пәндер циклі: Ғылым тарихы мен философиясы, Жоғары мектеп

педагогикасы, Шетел тілі (кәсіби), Басқару психологиясы, Психологиялық кеңес

берудегі интегративті тәсіл, Психологиядағы ғылыми және эксперттік

зерттеулерді жобалау, Бизнес психологиясы, Психологиялық зерттеулердегі

ақпараттық технологиялар, Кросс-мәдени және этникалық психология.


Кәсіптік пәндер циклі: Психологиядағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі,

Психологиялық зерттеу деректерін математикалық және статистикалық өңдеу,

Жоғары мектеп психологиясы, Имидждік психология және жарнама

психологиясы, SPSS бағдарламасындағы психологиялық зерттеу деректерін

статистикалық, Денсаулық психологиясы: теория, әдістеме және практика,

Ұйымдастырушылық кеңес беру және коучинг бойынша практикум, Ұйымдағы

психологиялық қызмет, Кадрлармен жұмыс істеудегі тренингтік

технологиялар, Психологиядағы заманауи психотерапиялық технологиялар,

Қазіргі эксперименттік психологияның мәселелері, Cтресс-менеджмент, HR-

персоналды басқару

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері

Ғылыми мансап: PhD докторантурада немесе Болашақ бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру;


Оқытушылық мансап: жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындары, оның

ішінде Нархоз университетінде;


Практикалық психология саласындағы жұмыс: психологиялық

орталықтарда, бизнес психологияда және ірі компанияларда, қызметтік

психологияда (Мемлекеттік қызмет, құқық қорғау органдары), психологиялық

кеңес берудің жеке және топтық түрлерін жүргізу.