Құқықтану (ҒПБ) Академиялық дәреже: 7М042 - "Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша құқық магистрі Оқу мерзімі: 2 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт Оқыту тілі: қазақ, орыс
Бағдарлама туралы
Білім беру бағдарламасы жоғары құқықтық мәдениеті мен құқықтық қызметтің практикалық дағдылары бар, мемлекеттік басқару, құқық қорғау қызметі, адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғамды дамыту саласындағы жұмысқа бағдарланған, қолданыстағы заңнамаға сыни баға беруге, құқық нормаларын білікті түсіндіруге, құқықтық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауды негіздеуге қабілетті құқықтану саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған.
Нархоз университетінің жетекші компаниялармен және ұйымдармен серіктестігі магистранттарға ғылыми жобаларға, халықаралық бағдарламаларға, тағылымдамалар мен конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді, бұл магистранттардың кәсіби және ғылыми құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.
Сіздерді осы бағдарламаның түлектері болуға шақырамыз!