- осы саланың белгілі профессорларынан (отандық және шетелдік) дәрістер, мейрамхана және қонақ үй нарығы тәжірибешілерінен, шетелдік серіктестерден мастер-класстар;
- 5* қонақ үйлердегі, мейрамхана желілеріндегі халықаралық тағылымдамалар мен практикалар;
- еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін дипломға қосымша сертификаттар;
- қонақжайлылық саласындағы ең өзекті тақырыптар бойынша зерттеу жұмысы.
Біздің оқытушылар саланың жұмыс істеу құрылымын терең түсіну үшін қажетті негізгі құзыреттерді қамтиды, креативті ойлауға және стандартты емес басқарушылық шешімдер қабылдауға үйретеді. Магистранттар қызмет көрсету саласының, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің экономикалық, әлеуметтік-мәдени ортадағы рөлін талдай алады және саланың тұрақты дамуына және тұтынушыға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған стратегияларды жасай алады!