«Әлеуметтік жұмыс» магистрлік бағдарламасы Әлеуметтік сала, Әлеуметтік психология, ғылыми зерттеулер әдіснамасы және әлеуметтік қызметті ұйымдастыру саласындағы мамандарды тереңдетіп даярлауға бағытталған. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Әлеуметтік жұмыс және психология саласындағы жаңа ғылыми және практикалық әзірлемелерді білу және пайдалану мүмкіндігі бағдарлама түлектерінің еңбек нарығында артықшылығын қамтамасыз етеді. Бағдарлама түлектері адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез - құлқын, олардың әртүрлі оқиғаларға реакциясын түсінуге және барабар түсіндіруге қабілетті болады. Сонымен қатар, микро және мезо деңгейлеріндегі келіссөздерге тиімді әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсете алады. Адамдардың жеке және жаппай мінез - құлқын және басқа да әлеуметтік-психологиялық процестер мен құбылыстарды талдап, түсіндіре алады. Магистрлер кәсіби саладағы проблемалық құбылыстарды мониторингілеу мен зерттеуді жүзеге асыра алады. Кәсіби коммуникация дағдыларын, оның ішінде ағылшын тілінде (Нархоз шет тілін кәсіби меңгеруге мүмкіндік береді) және зерттеу деректерін статистикалық талдаудың диагностикалық құралдары мен әдістерін меңгере алады.